• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 07:59:05
Алматы
+35°

27 Мамыр, 2019 Аймақтар

Жамбыл облысында мал басы артып келеді

Жамбыл облысы жайылымға бай аймақ болғандықтан мұнда негізінен мал басын арттыруға ден қойылған.

Күн санап Жамбыл облысының ауылшаруашылығы саласы алға басып, мал басы артып келеді. Бүгінгі таңда облыс бойынша мүйізді ірі қараның саны 396 206 басты құрап, 2017 жылмен салыстырғанда 36916 басқа өсіп отыр. Соның ішінде сиыр саны 175 860 басқа жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 17 578 басқа, яғни 11,1 пайызға артты. 

Жамбыл облысы жайылымға бай аймақ болғандықтан мұнда негізінен мал басын арттыруға ден қойылған. Бұл күнде қой мен ешкі саны  2 788 352 басқа жетіп, 2017 жылмен салыстырғанда 177 876 басқа артқан. Яғни, өткен жылғылармен салыстырғанда 7,3 пайызға өсіп отыр. Ал бұл көрсеткіш республикада орташа 2,2 пайызды құрады. Жамбыл облысы әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметі бойынша, бүгінде жылқы саны 128 160 басты құрап, 2017 жылмен салыстырғанда 11 168 басқа өскен. Яғни 9,5 пайызға өсті. Ал республика бойынша орташа көрсеткіш 8,6 пайыз.

  Сондай-ақ, Жамбыл облысындағы түйе саны бүгінде 2018 жылдың қорытындысымен салыстырғанда 6606 басты құрады. Бұл көрсеткіш 2017 жылмен салыстырғанда 441 басқа немесе 7,2 пайызға көбейді. Ал, бұл көрсеткіш республикада орташа 4,7 пайызды құрады. Жамбыл облысында 2018-2027 жылдар аралығында етті мал шаруашылығын дамытуға арналған ұзақ мерзімге жоспарланған салалық бағдарлама  қабылданып, индикативті көрсеткіштері бекітілді. Жалпы аталған бағдарлама аясында 2018-2024 жылдар аралығында облысқа алыс-жақын шет елден 36,0 мың басқа жуық мүйізді ірі қара малының аналық басын сатып алу жоспарланған. Өткен жылы «КазАгро» ҰБХ несиелік қаржы институттары арқылы 8 208 бас мүйізді ірі қара сатып алуға 34 шаруашылықтан өтінім түскен. Бұдан басқа да 7 818 бас малға мақұлданып, осы уақытқа дейін нақты 1 703 бас мал әкелінді. Сондай-ақ, аталған бағдарлама аясында 77 тауарөндірушіге 948,6 миллион теңге несие беріліп, 32,2 мың бас қой сатып алынды. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің тапсырмасына сәйкес 2018 жылы Жамбыл облысы бойынша 1,0 мың тонна сиыр және 1,5 мың тонна қой еті экспортқа шығарылуы тиіс болса, есепті кезеңде облыстағы тауарөндірушілер экспортқа барлығы 1014,1 тонна сиыр және 1637,1 тонна қой етін шығарды. Сиыр етін экспорттау бойынша Меморандумда белгіленген көрсеткіштің  орындалуы 101,4 пайыз, ал қой еті экспорты бойынша 109,1 пайызды құрады. Бағдарлама аясында қолдағы малдың өнімділігін арттыру мақсатында ет бағытына тұқымдық түрлендіру жұмысы қолға алынды. Жыл бойы тұқымдық түрлендіруге мүйізді ірі қара малының 65,5 мың аналық басы тартылып, (жалпы сиыр санының 42,1 пайызы) жоспардың орындалуы 102,3 пайызды құрады. 

Дулат Айтбай

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір