• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 20:24:41
Алматы
+35°

27 Мамыр, 2019 Аймақтар

Жамбыл өңірінде ет және сүт экспорты артуда

Сиыр етін экспорттау бойынша Меморандумда белгіленген көрсеткіштің  орындалуы 101,4 пайызын, қой еті

Жамбыл облысында есепті кезеңде облыстағы тауарөндірушілер экспортқа барлығы  1014,1 тонна сиыр және 1637,1 тонна қой етін шығарды. Сиыр етін экспорттау бойынша Меморандумда белгіленген көрсеткіштің  орындалуы 101,4 пайызын, қой еті экспорты бойынша 109,1 пайызды құрады. 

  Негізгі экспорттаушылар қатарында экспортқа бағытталған дамыған технологиялы бордақылау алаңдары және кластер құрамындағы «Оңтүстік Халал Тағамдары» ЖШС-і, Меркі ауданында «Меркі ет комбинаты» ЖШС, Қордай ауданындағы «Первомайские деликатесы ЖШС» ет комбинаттары болды. Ет өнімдерінің негізгі бөлігі Иран Ислам Республикасы, Бахрейн Карольдігі, Кувейт мемлекетіне экспортталды. Осы кәсіпорындардың жүктелімін арттыру арқылы алдағы уақытта етті экспорттау динамикасын арттыру жоспарлануда. Бағдарлама аясында қолдағы малдың өнімділігін арттыру мақсатында ет бағытына тұқымдық түрлендіру жұмысы қолға алынды.  

  Сонымен қатар, облыста құс шаруашылығын дамыту бойынша кешенді шаралар атқарылуда. Тағамдық жұмыртқа, құс етін өндіруді арттыру мақсатында  «Аса даму» ЖШС,  «Әулие-ата Феникс» ЖШС құс фабрикалары кеңейту және модернизациядан өтуде. Байзақ ауданында «Аллель Агро» ЖШС құс фабрикасын іске қосу жұмыстары жалғасын табуда. Осы шаралардың арқасында облыста өндірілетін құс етінің көлемі 2 есеге артады. Ал, ағымдағы жылдың өзінде 224,7 тонна құс еті экспортталды.

  Ағымдағы жылы мал шаруашылығы өндірісін дамытуға бағытталған бірнеше ірі инвестициялық жобалар іске асырылады. Ет өндірісі мен өңдеуді дамыту үшін Меркі ауданында малайзиялық инвесторлардың өкілі болған «Агростан Фармс» ЖШС тарапынан 3,0 мың басқа арналған бордақылау алаңының құрылысы, Мойынқұм ауданында «Мойынқұм Агро» ЖШС тарапынан ет бағытындағы мал шаруашылығын дамыту жобасына сәйкес асыл тұқымды мал репродукторы және 3,0 мың басқа арналған бордақылау алаңының құрылысын бастайды. Бұдан бөлек Қордай ауданында «Kazmeat Kordai» ЖШС-нің бордақылау алаңы қайта құру арқылы жылына 8,0 мың бас мүйізді ірі қара бордақылауға қауқарлы ірі кешенге айналады.

  Қой еті экспорты көлемін арттыру үшін арнайы кластер құрылады. Осы мақсатта зәкірлі кооперация қатынастары жолға қойылып Жамбыл, Қордай, Меркі, Т.Рысқұлов, Шу, Талас, аудандарында жылына 20,0 мың бас қойды бордақылауға арналған алаңдар құрылады. Бұл кешендер ет комбинаттарымен байланыстырылады. Жоба аясында тауарлы шаруашылықтарды  асыл тұқымды қошқармен қамтамасыз ету, қолдан ұрықтандыру қызметтерін көрсетуге арналған акрнайы сервистік мекемелер ұйымдастырылады. Сүт бағытындағы мал шаруашылығын дамытуға арналған ұзақ мерзімді концепция қабылданып, облыста 2018-2027 жылдар аралығында жаңа 61 сүт-тауар фермасы іске қосылады. 12 сүт тауарлы фермасы сауын сиыр саны 400 басты құрайтын ірі кешендер жұмыс істейді.  

Дулат Айтбай

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір