• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
19 Тамыз, 03:11:29
Әкімдік қызметкерлері мен БАҚ өкілдері арасындағы аладоп аламаны

28 Мамыр, 2019 Оқиғалар

Атырауда баласын босанған әйел 4 сағаттан кейін көз жұмды

Атырау қаласындағы облыстық перзентханада жаңадан босанған әйел қайтыс болды.

Атырау қаласындағы облыстық перзентханада жаңадан босанған әйел қайтыс болды. Қайғылы оқиға туралы марқұмның Исатай ауданындағы туыстары айтты  деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

"Ол үш жыл бойы бала көтере алмай жүрген. Бірақ ол баласын босанып, тіпті сәбиін тамақтандырды да, бірақ төрт сағаттан кейін бізге дәрігер оның қайтыс болғанын айтты, түсініксіз",–  деді марқұмның күйеуінің үлкен ағасы.

Бұл жағдайды облыстық денсаулық сақтау басқармасы растап отыр. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мәншүк Құдайбергенқызының айтуынша, дәрігерлер баланы операция арқылы анасының ішінен кесіп алған. 

"Баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төнді. 30-ға жуық дәрігер оның өмірі үшін күресіп, хирургиялық операция жасалды. Ота жасауға тәжірибелі дәрігерлер тартылған. Басында бәрі ойдағыдай еді.  4-5 сағат өткеннен кейін әйелдің жағдайы нашарлай бастады. Не себептен қайтыс болғаны зерттеу жұмыстарынан кейін анықталады", –  деді денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Ұсынған: Мият Кәшібай

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір