• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 12:12:00
Алматы
+35°

28 Мамыр, 2019 Саясат

Олжас Сүлейменов: "Сайлау бар, таңдау жоқ" (видео)

Журналистерге сұхбат берген белгілі ақын "Сайлау бар, таңдау жоқ" деген пікір білдірген.

Орыс тілді қазақ ақыны Олжас Сүлейменов  Қазақстанда 9 маусымда өтетін кезектен тыс президент сайлауы туралы пікір білдірді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Азаттық Радиосына сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтанда өткен ІІІ халықаралық экологиялық конгресстен кейін журналистерге сұхбат берген белгілі ақын "Сайлау бар, таңдау жоқ" деген пікір айтқан.

"Түсінуімше, айтарлықтай бәсеке жоқ. Мұндай жағдайда болуы да мүмкін емес. Белгісіз адамдар мемлекет басқарғысы келеді. Ол үшін адам өзін әйтеуір бір қырынан көрсетіп, ондаған жыл ел аузында жүрген таныс адам болу керек. Ал олай болмаса, сайлау деген аты ғана. Сайлау бар, таңдау жоқ",– деді Олжас Сүлейменов.

Видео Азаттық Радиосының Youtube парақшасынан алынды

Айта кетейік, Қазақстанда 9 маусымда кезектен тыс президент сайлауы өтеді. ОСК оған 7 кандидатты тіркеді. 

 Ұсынған: Мият Кәшібай

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір