• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 18:45:20
Алматы
+35°

25 Мамыр, 2019 Аймақтар

Жамбылдық 328 мектеп бітіруші «Алтын белгіден» үмітті

Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының басшысы Рахия Тұрмаханбетова айтып берді.

Жамбыл облысының мектептерінде 222 мыңнан астам оқушы биылғы оқу жылын тәмамдады. Олардың ішінде 8796-сы мектеп бітірсе, 17700 бала 9-сыныпты аяқтады. Осы оқу жылы барысында 245 оқушы дүниежүзілік, халықаралық, республикалық пән олимпиадаларына, ғылыми жобалар жарысына қатысты. Соның 51 пайызы (28 алтын, 32 күміс, 64 қола медаль) жеңімпаз атанды. Сол қатысқандардың ішінде 124-і жеңімпаз атанды. Халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалардан 28 бала алдыңғы орындардан көрініп, топ жарды. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының басшысы Рахия Тұрмаханбетова айтып берді.

-Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру»  атты Жолдауында «Білім сапасын бағалау жүйесі халықаралық стандарттарға негізделуге тиіс. Орта мектептердің өзінде балаларды мейлінше сұранысқа ие мамандықтарға бейімдеп, кәсіби диагностика жүргізу маңызды.    Бұл оқытудың жеке бағдарын жасауға және оқушы мен мұғалімнің оқу жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді» деп, нақты міндеттер жүктегені белгілі. Бұл бағытта Жамбыл облысында нақты нәтижелер бар.

Ағымдағы жылғы республикалық олимпиада қорытындысы бойынша «Ең үздік олимпиада мектебі» атағына облыстық мамандандырылған ер балаларға арналған «Білім-инновация» мектеп-интернаты (10 жыл қатарынан), облыстық Айша бибі атындағы мамандандырылған қыз балаларға арналған «Білім-инновация» мектеп-интернаты, облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған «Дарын» мектеп-интернаты, Тараз қаласындағы №40 гимназия, №45 гимназия және №32 орта мектеп ие болды. 103 оқушы халықаралық, республикалық шығармашылық байқаулары мен спорт жарыстарының жеңімпаздары атанды,-дейді Р.Тұрмаханбетова.

Жамбылдық оқушылардың Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындығы да жақсы.

Қазіргі уақытта 9-11-сыныптар қорытынды аттестацияға дайындалуда. Аттестат алу үшін тапсырылатын бұл емтихан 9-сыныптарда 27 мамыр мен 6 маусым, 11-сыныптарда 27 мамыр-7 маусым аралығында өтеді. Бұл жылы 328 мектеп бітірушілеріміз «Алтын белгіге», 245-і «Үздік аттестатқа» үміткер болып отыр.

Ал, Ұлттық бірыңғай тестілеуге келсек, биыл айтарлықтай өзгешелік жоқ. Былтырғыдай форматта 2 блокта өтетін болады. Бұрын ҰБТ тапсыратын пунктке сынақ тапсырушыларды жергілікті атқарушы орган жеткізіп, тамақтандыру жағын ұйымдастыратын. Биыл ондай болмайды. ҚР Білім және ғылым министрлігі енгізген өзгерістерге сәйкес, ҰБТ жоғары оқу орындарына түсу үшін тапсырылады, сондықтан ата-аналар балаларын өздері жеткізеді. Бұл жөнінде ата-аналар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Биыл ҰБТ қаңтар айынан бастап 4 рет өткізілуде. Соның ішінде маусымдағы сынақ жоғары оқу орнына мемлекеттік грантпен түсу үшін тапсырылса, өзгесі ақылы негізде оқу үшін өткізілмек. Тағы бір айта кетерлік жайт – колледж бітірушілері кешенді тестті бөлек тапсырмай, сынақтан 11-сыныптармен бірге өтеді. Яғни, бұрынғыдай кешенді тестілеу деген болмайды. Мектеп, колледж бітірушілер де және былтыр тестілеуден өте алмай, биыл тағы тапсыруға ниеттілер де сынақты бірге тапсырады. Бәріне бірдей тапсырма беріліп, бірге тапсырылатын бұл сынақ 20 маусым мен 5 шілде аралығында ұйымдастырылады. Бұл тек мемлекеттік гранттан үміттілерге арналған,-дейді басқарма басшысы.

Бақыт Жалғас

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір