• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 01:46:55
Алматы
+35°

28 Мамыр, 2019

Қазақстандықтар Моңғолияға тікелей рейспен ұша алады

Тұрақты ұшулар Boeing 737 әуе кемесінде әр бейсенбі және жексенбі сайын орындалатын болады. Рейстің ұзақтығы бір жаққа 3 сағатты құрайды.

Қазақстандық Scat әуе компаниясы 3 маусымнан бастап Нұр-Сұлтан - Ұлан-Батыр бағыты бойынша тікелей әуе қатынасын іске қосады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз хатшысы Айбек Смадияров Сыртқы істер министрлігінде өткен брифингте хабарлаған.

"Қазақстан мен Монғолия арасындағы жаңа халықаралық рейстің ашылуы саяси және сауда-экономикалық қатынастарды ілгерілетуге, туризмді дамытуға және мәдени-гуманитарлық алмасуды нығайтуға, екі елдің бизнес-құрылымдары арасындағы іскерлік байланыстарды тереңдетуге ықпал етеді", - деді А. Смадияров.

Тұрақты ұшулар Boeing 737 әуе кемесінде әр бейсенбі және жексенбі сайын орындалатын болады. Рейстің ұзақтығы бір жаққа 3 сағатты құрайды.

Ұсынған: Мақпал Сембай

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір