• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
17 Тамыз, 22:57:36
Медициналық сақтандыру: Өз денсаулығыңыз – өз қолыңызда

28 Мамыр, 2019 Спорт

Нұрқожа Қайпанов Италиядағы турнирде топ жарды

Нұрқожа Қайпанов жақында ғана Қытайда өткен Азия чемпионатында жеңімпаз атанған болатын.

Нұрқожа Қайпанов еркін күрестен Италиядағы дүбірлі додада топ жарды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Qsport.kz порталына сілтеме жасап.

Нұрқожа Қайпанов Италияның Сассари қаласында өткен «Sassari City Matteo Pellicone Memorial» халықаралық турнирінде сынға түсіп, жарыс жеңімпазы атанды. 70 келіде белдескен балуанымыз қарсыластарының бәрін айқын басымдылықпен ұтып, финалда белоруссиялық Георгий Колиевтан айласын асырып, жарыс жеңімпазы атанды. Сондай-ақ, Расул Қалиев (57кг), Данияр Қасанов (74кг), Ғалымжан Өсербаев (79 кг) және Азамат Дәулетбеков (86 кг) күміс жүлдегер атанса, Саятбек Оқасов пен Олег Болтин қола жүлдеге қол жеткізді.

Айта кетейік, Нұрқожа Қайпанов жақында ғана Қытайда өткен Азия чемпионатында жеңімпаз атанған болатын.

Ұсынған: Мақпал Сембай

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір