• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
20 Тамыз, 15:33:38
Альпинистердің нақты қай жерде екені әлі белгісіз

28 Мамыр, 2019 NEWS

Жүргізушілерден алынған айыппұл қайда жұмсалатынын білесіз бе?

Әкім Instagram желісіндегі жазбасында жүргізушілер арасында, жалпы қоғамда көп талқыға түсетін айыппұл төңірегінде сөз қозғады.

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек жол ережесін бұзған жүргізушілерге заңды айыппұл салуды қажет деп есептейтіндігін және айыппұлдан түскен қаражат қайда жұмсалатынын айтты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі  Тengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Әкім Instagram желісіндегі жазбасында жүргізушілер арасында, жалпы қоғамда көп талқыға түсетін айыппұл төңірегінде сөз қозғады.

"Мынадай қарапайым қағида бар: заңды бұзба, сонда айыппұл төле деп ешкім талап қоймайды. Менің ойымша, бір адамның өмірін жалмағаны үшін де әлем елдерінде қолданылатын қатаң жаза өте орынды. Қала тұрғындарының қауіпсіздігі – біздің алдымыздағы маңызды міндеттердің бірегейі. Жолдағы өлім көрсеткішін нөлге түсіру үшін біз қаладағы жолдарды батыс елдеріндегідей жасап, инфраструктураны дамытудамыз ", - деді әкім.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 

Часто читаю в Интернете дискуссии касательно штрафов за автомобильные нарушения. Есть простой принцип - не нарушай и не придется платить штраф. Считаю, что жизнь даже ОДНОГО человека заслуживает принятия жёстких мер, как это делают в продвинутых странах. Безопасность горожан является одной из наших приоритетных задач. Поэтому в рамках концепции нулевой смертности на дорогах «Vision Zero» (@visionzeroalmaty) мы продолжим системно улучшать уличную инфраструктуру по лучшим западным стандартам. ⠀ В свою очередь, за счет штрафов появилась возможность профинансировать повышение единовременной помощи ветеранам с 250 до 500 тысяч тенге, увеличить адресную социальную помощь, а также обеспечить лекарственными средствами более тысячи пациентов с редкими и тяжелыми формами заболеваний. Кроме того, на каждые 2 кв.км в соответствии с мировой практикой будут установлены 350 датчиков замера уровня загрязненности воздуха. Это позволит получать достоверную информацию об экологии Алматы, выявить источники наибольшего загрязнения воздушного бассейна и принимать соответствующие меры к ним.

Публикация от Бауыржан Байбек (@baibekbk)

Әкімнің айтуынша, айыппұлдар есебінен соғыс ардагерлеріне берілетін бір реттік сыйақының көлемі 250 мыңнан 500 мыңға дейін өскен, қоғамдық көмектің мөлшері артқан және өте сирек кездесетін дертке шалдыққан мыңдаған науқастарды дәрімен қамтамасыз еткен.

Бұдан бөлек, әлемдік тәжірибеге сәйкес, қалада әрбір екі шаршы шақырым сайын ауа тазалығынан ақпарат беріп тұратын 350 құрылғыны орнату жоспары жүзеге асырылуда.

Аударған: Әділет Мәдениет

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір