• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 04:17:29
Алматы
+35°

28 Мамыр, 2019 Оқиғалар

Балалар ойнайтын алаңға кіріп алған аю адамдарға шабуыл жасады

Аю адамдарға қарсы шабуыл жасай бастаған соң, полиция қызметкерлері табельдік қару қолдануға мәжбүр болған

Ресейдің Краснояр аймағында Северо-Енисей ауылындағы оқиға елдің есін шығарды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі РИА Новостиге сілтеме жасап. Жергілікті БАҚ қорбаңдаған аю орманын тастап, елдімекенге бет алып, ақыр аяғында балалар ойнайтын алаңға келіп "ойнағаны" туралы хабар таратты. 

Ауыл тұрғындары көшеден алып жыртқышты көре салысымен лезде жергілікті полиция бөлімшесіне хабарласқан. Кең көшеде емін-еркін жүрген аю бір мезетте ойын алаңына қарай беттеген. Осылайша адамға "еркелеген" аю туралы ақпаратты жергілікті ішкі істер басқармасының мәлімдемесі де растапты.

"Тұрғындардан аю көргендері туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен аңшы жедел жетті. Алдымен жыртқышты арнайы әдістер арқылы орманға қайта қуып жіберуге әрекет жасалынғанымен, аю шуға құлақ аспапты. Керісінше қырсығып, адамдарға қарсы шабуыл жасай бастаған соң полиция қызметкерлері табельдік қару қолдануға мәжбүр болған", - деді жергілікті ІІБ баспасөз қызметінің басшысы Владимир Юрченко.

Аударған: Дәурен Сыбанбай

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір