• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 04:02:28
+35°

28 Мамыр, 2019

"Қашқын" қандастар мәселесі талқыланады

Өз елі, өз жерінде «қашын» болып жүрген қандастарға көп болып қолдау көрсетерсіздер деген ойдамыз!

Бүгінде қазақ мәдениеті мен әдебиетіне һәм спортына шеттен келген қандастардың да өзіндік үлесі бар. Бұдан тыс ауыл-мал шаруашылығы, тіпті әр түрлі қара жұмыстардың да біразына араласып, өзіндік еңбегімен үлес қосып келеді. Тіпті, халық санын арттыруда да орны ерек екені, айтпаса да түсінкті...

Алайда, шекарадан заңды өтіп, құжатымен келіп түрлі себептермен құжатсыз қалған қандастарымыз қаншама?.. Өткен жылғы республика көлемінде 50 мыңға жуық қандас азаматтық ала алмай жүрді деген ақпар тарады. Ізінше заңгар Абзал Құспанның араласуымен аталған құжаттар (тізімі жасалып) тиісті миниcтрлікке жетті. Араға екі-үш ай талқылаудан кейін Елбасы жарлығымен бір жылдық жеңілдетілген тәртіп жарияланып, барлық қандастарға құжаттарын рәсімдеп алуға мүмкіндік беретін бұйрық шығарды. Алайда, мұнымен еліміздегі шеттен келген қандастардың құжаттық «жыры» бітетін түрі жоқ...

Мысалы, қытай паспорттарының уақыты өтіп, еш құжатсыз қалған қандастарымызға Қытай елшілігі СІМ-гі, қоғамдық ұйымдардың араласуымен жаңа құжат жасап берді. Бірақ, шекарадан өтті деген не бір мөр, визасы жоқ аталған паспорттардың барынан не қайыр дерсіз, ҚР азаматтығын алуға жарамаса?.. Яғни, ҚР азаматтығына құжат тапсыру үшін паспорттың бетінде виза, шекарадан өткен күні, мөрі бәрі-бәрі болуы керек екен. Енді мұны жергілікті көші-қон мекемелері қабылдауға еш мүмкіндік жоқ. Заң бойынша шектеу қойылған.

Шешудің екі жолы ғана бар ;

1-Қытай асып, барлық талаптарды орындап қайту. (Ол жақтан қайта келу мүмкін емес, сондықтан жергілікті полиция қызметкерлерімен «ұштасып» құжатсыз болса да, Қазақстанда жүре тұру)

2-Жең ұшынан жалғасып, ҚР азаматтығын алу. Оған құжатсыз, жұмыссыз 10 жылдан астам күнелтіп келген кейбір қандастардың қалтасы көтере бермейді...

Осы және өзге де түйткілді мәселелерді «Алматы жастары» орталығында талқылап, ҚР президентіне ашық хат жолдау арқылы, мәселенің оң шешім табуын сұрайтын боламыз. Онда 30-дан астам қандастар келіп, нақты жағдайларымен бөлісетін болады. Қазіргі біздің есебіміз бойынша Алматы облысында 5000-ға жуық қандас құжат алуға мүмкіндігі болмай, сабылып жүр. Бейресми ақпараттарға сүйенсек, кейбірі жергілікті полиция өкілдерінен тығылып, қашып жүргенге ұқсайды.

Өз елі, өз жерінде «қашқын» болып жүрген қандастарға көп болып қолдау көрсетерсіздер деген ойдамыз!

Жиын орны: Алматы қ. Гоголь-Байтұрсынұлы көшелерінің қиылысында

Уақыты: 29.05.2019ж

Басталуы: сағат 15:00-де

Байланыс нөмірі : Құрметолла - 87052229300

Мақпал Сембай

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір