28 Мамыр, 2019 NEWS
Қырық қытайы бар автобус аударылып кетті(видео)
Төтенше жағдайлар бойынша қызметтер сондай-ақ зардап шеккендердің нақты санын анықтап жатыр
Қытай Халық Республикасының азаматтарын тасымалдаған автобус Приморск өлкесі Усурийск қаласы тас жолының жиегінде аударылып кетті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ТАСС сайтына сілтеме жасай отырып.
"Автобуста ҚХР-дың 40-тан астам азаматы болған, алдын ала деректер бойынша екі адам қайтыс болды",- деп хабарлады дереккөз. Оның айтуынша, бірнеше жолаушы жарақат алды.
Төтенше жағдайлар бойынша қызметтер сондай-ақ зардап шеккендердің нақты санын анықтап жатыр. Оқиға орнында жедел жәрдем бригадалары жұмыс істейді.
"Нұсқалардың біріне сәйкес, жүргізуші тізгінге ие бола алмады",- делінген агенттіктің сұхбаты.
Жол полициясы оның себептерін белгілеп, жол апатын растады. Алдағы уақытта толық себептері анықталады.
Аударған: Бек Байтас
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір