• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
25 Тамыз, 17:15:59
Қорықшылардың материалдық-техникалық базасы күшейтіледі

28 Мамыр, 2019 NEWS

Өзбекстан Орталық Банкі Халық банктің еншілес ұйымына лицензия берді

Өзбекстан Орталық Банкі Теңге банкке лицензия беру туралы шешім қабылдады

Өзбекстан Орталық Банкі Теңге банкке лицензия беру туралы шешім қабылдады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Түркітілдес журналистер қорына сілтеме жасап. 

"Қазақстан Халық Банкі" АҚ-ның еншілес ұйымы "Tenge Bank" Акционерлік коммерциялық банкі (АКБ) – Өзбекстан Орталық Банкінің банктік операцияларды жүзеге асыруға лицензиясын алды және 2019 жылғы маусым айынан бастап клиенттерге қызмет көрсетуді жоспарлап отыр.

"Біз барлық серіктестеріміз бен клиенттерімізге еншілес Tenge Bank  банктік лицензияны алғандығын және маусым айынан бастап Өзбекстанда жұмыс істеуге дайын екендігін қуана хабарлаймыз. Елімізде жүргізіп жатқан экономикалық реформалар қаржы қызметтері нарығын белсенді дамытуға мүмкіндік береді. Біз бизнестің кең әлеуетін байқай отырып, Өзбекстанға бағытталған инвестицияның серігіболғымыз келеді. Біз өзбек нарығын қазіргі заманғы банктік технологиялармен және корпоративтік, сондай-ақ бөлшек клиенттерге банктік қызметтердің барлық спектрін жоғары деңгейде қамтамасыз етуге дайынбыз. Өңірдегі ең ірі банк ретінде біз өз миссиямызды экономикалық қатынастарды кеңейтуге, кооперацияны арттыруға және сауданы қолдауға арнаймыз", – деді Халық банк Басқарма Төрайымы Үміт Шаяхметова.

Халық банк өз кезегінде Өзбекстанда ұсынылған алғашқы қазақстандық банк болды, Өзбекстан – енді Халық қаржы тобының еншілес құрылымы жұмыс істейтін алтыншы мемлекет.

Теңге банк корпоративтік және бөлшек клиенттердің барлық санаттарына қаржылық қызмет көрсете алатын әмбебап банк ретінде дамитын болады.

Жеке тұлғаларға жинақ және кредит беру бағдарламалары, сондай-ақ төлем карталары ұсынылады. Бірнеше айдың ішінде Тенге банк халықаралық төлем жүйелерімен – Visa және Master Card-пен жұмысын бастауды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, банк онлайн төлемдер мен аударымдардың ең бай функционалы бар Homebank интернет-платформасының мобильді қосымшасын іске қосуды жоспарлады.Бір мезгілде корпоративтік клиенттер мен кәсіпкерлердің барынша қолайлылығы үшін озық және инновациялық қызметтер мен сервистер жиынтығын ұсынатын Onlinebank қосылады.

Теңге банк заңды тұлғаларға, шағын және орта бизнеске қызмет көрсету бойынша ерекше көңіл бөледі. Үйреншікті есеп айырысу-кассалық қызмет көрсетуден басқа банк депозиттік және кредиттік өнімдердің, соның ішінде сауданы қаржыландыру құралдары – трансшекаралық операцияларды қамтамасыз ету, экспорттық және импорттық мәмілелерді қолдау үшін аккредитивтер мен кепілдіктерді әзірлейді.

"ТМД-дағы қаржы топтары арасында географиялық орналасуының кең ауқымын ескере отырып, дәл осы сауданы қаржыландыруда тек екіжақты трансшекаралық төлемдер ғана емес, сондай-ақ Халық тобының қызметі ұсынылған барлық елдердің дами түсуінде үлкен әлеует бар деп есептейміз", – деді "Теңге банк" АКБ Басқарма Төрағасы Аслан Талпақов.

Банк кеңсесі мен бөлімшесі жақын арада Ташкент қаласы, Яшнабад ауданы, Паркентская көшесі, 66 үй, индексі 100007 мекенжайы бойынша жұмыс істей бастайды.

Ұсынған: Маржан Сәбет

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір