• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 12:56:55
Алматы
+35°

28 Мамыр, 2019 Оқиғалар

Қарағандыда қоғам белсендісін атып кетті

Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының тұрғыны Ғалы Бақтыбаевты атып кетті

Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының тұрғыны Ғалы Бақтыбаевты атып кетті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы қарағандылық белсенді Айсұлтан Жақыпов Facebook парақшасында жазды. Оның айтуынша, Ғалы Әділұлы Бақтыбаев жемқорлықпен күресіп жүрген белсенді азамат. Соңғы уақытта ол  9 маусымда өтетін кезектен тыс президент сайлауына "Ұлт тағдыры" қозғалысы ұсынған кандидат Әміржан Қосановты қолдап, белсенді жұмыс жасаған. 

"Жаңаарқада Ғалы деген кісі бар еді. Жемқорлықпен күресетін, сотқа дейін баратын адамтын. Қосанов ағамыздың жарнамаларын іліп, жақсы жұмыс істеп жүрген. Сол кісіні түнде атып кетіпті(( Жемқорлар тықыр таянғанын сезіне бастады ма? Марқұмның толық аты-жөні Бақтыбаев Ғалы Әдіұлы. Иманды болыңыз Ғалы аға! Қаныңыз босқа төгілмейді. Уәде берем!", – деп жазған Айсұлтан Жақыпов Ғалы Бақтыбаетың өліміне алда келе жатқан сайлаудағы ұстанымының қатысы жоқ екенін айтты.

Аталған оқиғаға байланысты Қарағанды облысытық полиция департаментінің баспасөз қызметі ресми мәлімдеме жасады.

"Ағымдағы жылдың 28 мамырында Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының Атасу кентінде оқ жарақаттарымен 59-жастағы кент тұрғынының мәйіті табылды. Аталған фактіге байланысты Қылмыстық Кодекстің 99 бабы 1 тармағы «Адам өлтіру» сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Қылмысты ашу, күдікті азаматтарды ұстау мақсатында департаменттің және Жаңаарқа аудандық полиция бөлімінің тәжірибелі қызметкерлерінен жедел тергеу тобы жасақталып, қылмыстың ізін кесу бойынша кешенді іс-шаралар атқарылуда. Тергеу барысы облыстық полиция және прокуратура басшылығының бақылауында. Өзге ақпараттар ҚР ҚПК-нің 201 бабына сәйкес жарияланбайды", – делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ұсынған: Мият Кәшібай

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір