• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 14:01:55
Алматы
+35°

28 Мамыр, 2019 NEWS

Ер азамат балконға шығып, екі қызды өрттен аман алып қалды(видео)

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, үйдің алтыншы қабатында екі пәтер өртке оранған.

Ресей Федерациясының Приморье қаласында 25 жастағы Фокиноның тұрғыны, қылтиманың шетінде қолдары дірдектеп ілулі тұрған  екі қызды өрт болып жатқан пәтердің жоғарғы қабаты арқылы құтқарып алды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Лента.ру сайтына сілтеме бере отырып.

Кадрда көрсетілгендей ер адам алдымен бір қолымен бұрышты тірей ұстап, төменде қолын босатып жіберуге сәл қалған қызға қарай қолын созып, жоғары қарай көтеріп алды. Осы уақытта жерде тамашалап тұрған көрермендерде оларға болысып, құлап кеткен жағдайда құтқарып алуға дайын тұрды. Бірақ жігіт батылдық танытып, қызды қылтимадан үйге кіргізіп алды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, үйдің алтыншы қабатындағы екі пәтер өртке оранған. Подъезд түтінге толы болғандықтан, тұрғындарды эвакуациялап, сыртқа шығарған. Кейінірек өрт жойылып, зардап шеккендерге медициналық көмек қажет емес екендігі анықталды.

Аударған: Бек Байтас

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір