• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
24 Тамыз, 03:56:51
Қорықшылардың материалдық-техникалық базасы күшейтіледі

28 Мамыр, 2019 NEWS

Жол бойында полиция бекеттері болмайды: Тәртіп сақшылары жұмыссыз қала ма?

Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді

Жол бойында тұратын полиция бекеттері қысқарады. Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді  деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz тілшісіне сілтеме жасап. 

"1 шілдеден бастап біздің жолдардағы шекаралық бекеттер қысқарады. Бүгінде бекеттерді қысқарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Олардың орнына мүмкіндігінше видео, фотобақылаулар орнатылады", - деді Тұрғымбаев.  Оның айтуынша, бұрынғы ішкі істер министрі Қайырбек Сүлейменнің рейдін еске алды. 2000 жылдары ол жүк көлігінің жүргізушісі ретінде Өзбекстан шекарасынан Алматыға дейін қарбыз алып өтпекші болған. Сол уақытта ол сыбайлас жемқорлықтың 36 жағдайын анықтаған. 

"Ішкі бекеттер қысқарып, олар тек жалпы ел аумағының периметрі бойынша қалады. Ішкі бекеттерде жұмыс істеген 300-ге тарта қызметкер басқа құрылымдарға ауыстырылады. Ал жол бойында босап қалған бекеттер қатты суықта жылынатын немесе дағдарыстық жағдайлар үшін пайдаланылады. Қалаларға кіре берістегі бекеттер де алынып тасталады. Олар бірақ кезең-кезең бойынша таратылатынын атап өткім келед", - деп нақтылады Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди. "Ел ішінде тыйым салынған заттарды әкелуді бақылауға мүмкіндік жеткілікті", - деді ол.

Министрліктің мәлімдеуінше, полиция бекеттерінде кезекшіліктегі тәртіп сақшыларының бәрі жұмыссыз қалмайды.

Ұсынған: Маржан Сәбет

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір