• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 15:09:16
Алматы
+35°

28 Мамыр, 2019 Дін

Әлемдік халал стандартына сай қонақ үйі салынады

Қонақ үйін бастапқыда 100 нөмірмен ашып, алдағы 5 жылда бөлмелер санын 300-ге дейін жеткізу жоспарланып отыр.

Өзбекстанда әлемдік халал стандартына сай алғашқы мейманхана Sahid Imam Al-Buhari қонақ үйінің іргетасы салтанатты түрде қаланды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ummet.kz сайтына сілтеме жасап.

Өзбекстанның Самарқанд қаласында өткен ашылу салтанатына индонезиялық Sahid Group компаниясының президенті және басқару директоры Виви Херламбанг қатысты. Имам әл-Бұхари комплексінің аясында салынатын қонақ үйдің құрылысын Sahid Group және SAG компаниясы бірлесе жүргізеді деп жазады Өзбекстан мемлекеттік туризм комитетінің баспасөз қызметі.

Қонақ үйін бастапқыда 100 нөмірмен ашып, алдағы 5 жылда бөлмелер санын 300-ге дейін жеткізу жоспарланып отыр. Халал стандартының талаптарына сәйкес әр бөлмеде құбыланың бағыты көрсетіліп, жайнамаз бен Құран қойылады. Сондай-ақ халал ас мәзірі жасалып, Рамазан айында сәресі және ауызашар  мезгілдерінде арнайы тағамдар дайындалады.  

Айта кетейік, сәуір айында Өзбекстанда қонақ үйлердің сапасы мен қызметін дамыту мақсатында мейманханалар Ассоциациясы құрылған еді. Қазір Өзбекстанда инвесторларға, соның ішінде қонақ үйлер құрылысының инвесторларына қолайлы жағдайлар жасалуда. 

Ұсынған: Мақпал Сембай

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір