• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 16:00:21
Алматы
+35°

28 Мамыр, 2019 Аймақтар

Атырау облысында екі мәдениет үйі пайдалануға берілді

Атырау облысында екі мәдениет үйі пайдалануға берілді

23 мамыр күні Индер ауданының Есбол және Бөдене елді мекенінде мәдени нысандар өз жұмысын бастады. Жаңа нысандар «Теңізшевройл» ЖШС-нің «Игілік» ерікті әлеуметтік инфрақұрылым бағдарламасы аясында салынған. Нысандардың ашылу салтанатына Атырау облысы әкімінің орынбасары Нұрлан Таубаев, «Теңізшевройл» ЖШС-нің бас менеджері Әсет Құрманбаев, облыстық қоғамдық кеңесінің төрағасы Мұрат Өтешов, Индер ауданының әкімі Мейірім Қалауи және ауыл тұрғындары мен ардагерлері қатысты. мәдениет үйі
-Еліміз егемендік алған күннен бастап тұңғыш президент Н. Назарбаев ең бірінші әлеуметтік салаларға көңіл бөліп, халықтың жағдайын жақсартуға ден қойды. Бүгінгі салтанатты шара осы бастаманың бір көрінісі болып отыр.Осы ғимаратты салуға демеушілік жасаған компания мен мердігер мекемеге алғыс білдіреміз,- дейді облыс басшысының орынбасары.мәдениет үйімәдениет үйі
Бүгін кезекті нысандардың ашылуына куә болып отырмыз. Нысанның салынуына 2 жыл уақыт кетті. Бөдене ауылындағы 200 адамдық және Есбол ауылындағы 300 орындық мәдениет ошақтары толықтай қажетті жабдықтармен жабдықталған,- дейді Әсет Құрманбаев.мәдениет үйі

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір