• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 22:56:20
Алматы
+35°

29 Мамыр, 2019 Аймақтар

Атырауда 11 көше қалпына келтіріліп, кеңейтіледі

Атырауда 11 көше қалпына келтіріліп, кеңейтіледі

Қала жолындағы 31 учаскеде шұңқыр жөндеу жұмыстары жүреді.

Қалалық ТКШ, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің мәліметі бойынша, қазір жалпы ұзындығы 27,605 км болатын 8 көшені қалпына келтіріп, кеңейту үшін ЖСҚ дайындалып, мемлекеттік сараптамадан өткен.
-25 сәуірде көшелердегі құрылыс-монтаждау жұмыстарымен айналысатын мердігер мекемені анықтауға ашық конкурс жарияланды. Қорытындысы 15 маусымда белгілі болады,-дейді Атырау қаласы әкімінің орынбасары Шәкір Кейкин.
Қала әкімшілігі мына көшелерді қалпына келтіріп, кеңейтуді жоспарлап отыр–
Ғұмаров көшесі (0,528 км), Құрманғазы (4,05 км), Бейбарыс (10,002 км), Ғабдиев (1,234 км), С.Датов (4,69 км), Амандосов (2,925 км), Уәлиханов (2,346), Гагарин (1,83).
- Жалпы ұзындығы 6,986 км болатын үш көше - Азаттық даңғылы (2,546 км), Әуезов (2,84 км), Мәденов (1,6 км) көшелерін қалпына келтіріп, кеңейтуге ЖСҚ жасалды. Мамыр айының соңына дейін мемлекеттік сараптамадан өтуі керек.
Маусым айында қалалық мәслихат сессиясында бекітілгеннен кейін жоғарыда көрсетілген көшелердегі жолдарға құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр,-деп нақтылады Шәкір Кейкин.
Сонымен қатар, биыл 13000 м2 қала көшелеріне шұңқыр жөндеу жүргізу жоспарланған. Қазір мердігер мекемені анықтауға байқау жарияланды.
Жыл соңына дейін шұңқыр жөндеу жұмыстары мына мекен жайлардағы 31 көшеде жүргізіледі:
1) Азаттық даңғылы;
2) Орталық көпір;
3) Сәтпаев көшесі, «Тамаша» СҮ маңы;
4) Жеты Қазына ықшамауданындағы көпқабатты тұрғын үйлер аумағы;
5) Жарбосынов көшесі;
6) «Рахат» базары маңындағы көпқабатты тұрғын үйлер аумағы:
7) Канцев көшесі;
8) Смағұлов көшесі;
9) Алмагуль 1-2 ықшамауданындағы көпқабатты тұрғын үйлер аумағы;
10) Атырау ықшамауданы «Еркемай» балабақшасының маңы;
11) Балықшы ықшамауданы А.Құнанбаев көшесі;
12) Қожақаев көшесіндегі 21 тұрғын үй аумағы;
13) Балықшы ықшамауданы облыстық офтальмология аумағы;
14) Балықшы ықшамауданы «Айсберг» рестораны аумағы;
15) Молодежная мен Сатыбалдиев көшелерінің қиылысы;
16) Лесхоз ықшамауданы Сыдықов көшесі;
17) Жилгородок-Әуезов көпірі аумағы;
18) Әуезов көшесі №61-63 тұрғын үйлер аумағы;
19) Қабдолов көшесі;
20) Водников-Көкарна-Балықшы жолы қиылысындағы "Қазмұнайгаз" ЖҚС аумағы;
21) Теміржол ауруханасы аумағы;
22) Берғалиев көшесі;
23) Сәтпаев №36 үй аумағы;
24) Махамбет көшесі №101 үй аумағы;
25) Темірханов көшесі (бұрынғы қаржы полициясы ғимараты маңы);
26) Авангард-3 ықшамауданы №39 а-б-в тұрғын үйлер аумағы және «Технодом» аумағы;
27) Атырау-Доссор-Геолог жолының қиылысындағы бағдаршам аумағы;
28) Геолог, Агропром көшесі;
29) Жұмыскер ықшамауданы;
30) Өркен 1-2 ықшамауданы;
31) Досмұхамбетов көшесі №3а-14а үйлер аумағы.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір