• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 13:05:03
Алматы
+35°

26 Мамыр, 2019 Аймақтар

Сарысу ауданы серпінді дамуда

Жаңатас қаласы да көркейе түсуде. Енді міне, Сарысудың содсы да брендке айналатын күн жақын.

Жамбыл облысының батысында орын тепкен Сарысу ауданы бүгіні берекелі, болашағы баянды. Аймақта Елбасы Жолдауларының негізінде өмірге келген ммелекеттік бағдарламалар сәтті жүзеге асып, жаңа жұмыстары ашылуда. Өңірдегі іргелі өндіріс орны «Қаратау» тау-кен өңдеу кешені жұмыс ауқымын арттыра түссе, ресейлік «Еврохим» компаниясы да ілкімді істерімен ілгері ұмтылуда. Сонымен қатар биыл жел электр стансасының құрылысы да қарқынды жүргізіліп жатыр. Одан бөлек моноқалаларды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Жаңатас қаласы да көркейе түсуде. Енді міне, Сарысудың содсы да брендке айналатын күн жақын.

Мұндай жағымды жаңалық жуырда Жамбыл облысының  әкімі Асқар Мырзахметовтің  «Yildirim Holding» түрік компаниясының өкілдерін қабылдауы барысында айтылды.   Екі жақты кездесуге облыс әкімінің тиісті орынбасарлары мен салалық басқарма және  «KazakhInvest» ҰК АҚ-ның облыс бойынша филиалының басшылары қатысты.

Бұған дейін белгілі болғандай түркиялық компания өңірімізде «Кальцилендірілген сода өндірісі» инвестициялық жобасын жүзеге асырмақ. Сарысу ауданынан ірге қалайтын жобаның жалпы құны 270 миллион АҚШ долларын құрайды. Зауыттың жылдық қуаты 400 мың тонна өнім өндіруге қуатты. Жобаны 2019-2022 жылдар аралығында іске асыру көзделуде.

Кездесу барысында  «Yildirim Holding Soda Ash&Derivatives» команиясының бас директоры Исмаил Джейлан облыс басшысынан бірқатар мәселелерді шешіп беруін сұрады. Әсіресе жер, су мәселелерін алдыға тартты. Сондай-ақ, ол жоба іске асқанда өніммен ішкі және сыртқы нарықты қамтамасыз етіп, Сарысу содасын брендке айналдыруға болатынына назар аудартты.

Өз кезегінде облыс әкімдігінің жер қойнауын пайдалануды басқару басқармасының басшысы Бақтияр Көпбосынов жер мәселесі шешілетінін, ол бойынша жұмыстар жүргізіліп  жатқанын жеткізді. Ал, су мәселесін шешу бойынша тиісті шараларды жүйелі түрде атқару үшін өңір басшысы жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді.

Асқар Исабекұлы инвесторларға облыс тарапынан тиісті қолдаулар жасалатынын баса айтып,   бұл бағытта тараптардың қол қойған меморандумы аясында ортақ жұмыс жоспарын бекіту керектігін ұсынды. Бекітілетін жұмыс жоспары арқылы нақты шаралар атқарылмақ. Өңір басшысы кен өндіру барысында экологиялық қауіпсіздік шараларының сақталуына да аса көңіл бөлу керектігіне көңіл бөлді.

Айта кетейік, «Yildirim Holding» - төрт құрлықта жұмыс істейтін ірі холдинг. Қазіргі кезде холдинг Қазақстанда бизнес жүргізуде айтарлықтай тәжірибесі бар компания болып есептелінеді.

Бүгінгі таңда Соркөл кенінде барлау жұмыстары басталып кетті. Сондай-ақ, жобалық-сметалық құжаттама мен техникалық-экономикалық негіздеме жұмыстары әзірленуде.

Бақыт Жалғас

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір