• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 04:03:45
Алматы
+35°

29 Мамыр, 2019 Саясат

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларын беру туралы Жарлықты қабылдады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақордаға  сілтеме жасап.

«Еуразиялық интеграция идеясының 25 жылдығына және Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қоюдың 5 жылдығына орай, сондай-ақ Қазақстан Республикасымен ынтымақтастықты тереңдету мен кеңейтуге қосқан айрықша үлесі үшін «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен төмендегі президенттер наградталсын:

1.     Путин Владимир Владимирович - Ресей Федерациясының Президенті

2.     Лукашенко Александр Григорьевич - Беларусь Республикасының Президенті

3.     Жээнбеков Сооронбай Шарипович - Қырғыз Республикасының Президенті», - деп жазылған Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы қаулыда. 

Ұсынған: Маржан Сәбет

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір