• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 15:27:40
Алматы
+35°

29 Мамыр, 2019 Аймақтар

Рамазан айындағы риясыз қуаныш

Әсіресе, қасиетті Рамазан айында кәсіпкерлер көпбалалы отбасыларды риясыз қуанышқа кенелтуде.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының «Туған жерге туыңды тік!» жобасы аясында қайырымдылық қылған   атымтай жомарт жандардың  саны күн санап артуда.  Бұл бағытта  Жамбыл жерінде де көпке үлгі болар тірліктер жасалуда. Әсіресе, қасиетті Рамазан айында кәсіпкерлер көпбалалы отбасыларды риясыз қуанышқа кенелтуде.

қайырылымдылық

Соның бір көрінісі ретінде жуалылық кәсіпкер, «Бурное Солар» күн станциясының бас директоры Нұрлан Капеновның  көпбалалы отбасыға 3 бөлмелі пәтер кілтін сыйлағанын айрықша айтса болады.

қайырылымдылық

Жалпы аталмыш елді мекенде  бұған дейін «Байыржан Момышұлы» қайырымдылық қоғамдық қоры жұмысп жсап тұрған-ды. Міне, кәсіпкер осы қорға қоғамты қаржы аударып, өз есебінен Бауырдан Момышұлы ауылында орналасқан 2 қабатты тұрғын үйден 3 бөлмелі пәтер сатып алып беріп отыр.

қайырылымдылық

Ал қоныстойдың иесі 6 қыздың анасы Қалипа Еділбаева. Баспаналы болған көпбалалы отбасының   қуанышын бөлісуге аудан әкімі Нарбай Ергебеков, аудандық мәслихат хатшысы Ерғали Тілеубеков, аудандық соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің төрағасы Естемес Аманбеков және  аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Сейітхан Жұмашев келді.
Кәсіпкер  Нұрлан Нұрғалиұлы, аудан басшыларымен бірге отанасы Қалипа Еділбаеваға екі қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан үш бөлмелі пәтердің кілтін табыстап, шаңырағына шаттық, босағасына бақыт  тіледі. 
Қуаныштан көзіне жас алған Қалипа ана жомарт жүректі кәсіпкерге алғысын білдірді.

қайырылымдылық

Иә, «Қолы ашықтың жолы ашық» дейді дана қазақ. Жуырда  Сарысу ауданының Құрметті азаматы, жеке кәсіпкер Дәулеталды Жанбаев та  жеті баланың анасы Гүлсана Қалиеваға Жаңатас қаласынан 3 бөлмелі пәтер сыйлады. Жалғызбасты ана бұған дейін жалдамалы пәтерде тұрып келген.

– Үнемі балаларым өз үйіміз болса деп армандаушы еді. Бүгін сол балаларымның арманы орындалды. Рамазан айында бізге осындай қамқорлық көрсеткен атымтай жомарт Жанбаев мырзаға алғысым шексіз. Сыйға тартқан үш бөлмелі пәтер қаланың дәл ортасында орналасқан. Іші кең әрі жарық екен, — деген Г. Қалиева барша облыс және аудан басшылығына алғысын жеткізді.

қайырылымдылық

Көп балалы анаға қуаныш сыйлаған «Алтын-Орда 2006» ЖШС-і директоры Дәулеталды Дәуітбайұлы бұған дейін де аудан, облыс көлеміндегі қамқорлық шараларынан тыс қалған емес.

– Адамға жақсылық жасау парыз ғой. Бүгінгі балалардың жүздеріндегі қуанышты көріп, бойымды ерекше сезім биледі. Үйлі болған Гүлсана қарындасымның балалары енді еш алаңсыз құтты шаңырақтарында өсіп-жетілсін. Елбасы Н. Назарбаев, Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев көпбалалы аналардың жағдайын ойлап, қолдан келген барлық жақсылықтарды жасауға жағдай жасап жатыр. Облыс әкімі Асқар Мырзахметов те аймақта әлеуметтік мәселелердің түйінін тарқатуға бар күш-жігерін жұмсауда. Сондықтан балаларымыз азамат деген атқа лайық болып өссін. Ел тірегіне айналсын!,-дейді «Nur Otan» партиясы Сарысу ауданды филиалы саяси кеңесінің мүшесі, жеке кәсіпкер Д.Жанбаев.

Шу ауданында да атымтай жомарт азаматтар аз емес. Олар өз кәсібін өрге домалатып ғана қоймай, айналасындағы ағайынға да  қарайласып, қайырымдылық жасауда.  Міне, сондай кең жүректі кәсіпкердің бірі Айдын Николайұлы Шу шаһарындағы жалғыз басты анаға үй сыйлады. Көңілі жарымжан  жанның қуанышымен бөлісуге аудан әкімі Жарылқасын Айтақов келіп, пәтер кілтін салтанатты түрде табыс етті.

Ал кеше Шу қаласы Қант зауыты ықшамауданындағы тағы бір көпбалалы отбасы қонстойын тойлады. Игі іске мұрындық болған ауданның меценаты, белгілі кәсіпкер Никон Ким 7 баланың анасы Айсұлу Ибадуллақызына тұрғын үй кілтін табыс етті. Құтты болсын айта барған аудан басшысы Жарылқасын Әбдіғапарұлы лента қию рәсіміне қатысып, қуаныш иелеріне ізгі тілегін жеткізді.

Өз кезегінде Айсұлу Ибадуллақызы аялы алақанның жылуын сездірген кәсіпкер Никон Марковичке және жанұясын баспана алуға лайықты деп тапқан аудан  басшылығына шексіз алғысын жеткізді.

Осылайша Ораза айында жамбылдық кәсіпкерлер ел есінде қалар игі істер жасауда. Бұл сөз жоқ, сауабы мол шарапат екені даусыз.

Жайдар Азамат

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір