• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 15:29:53
Алматы
+35°

29 Мамыр, 2019

Ұлттық тестілеу орталығының басшысы парамен ұсталған: Шәмшидинова отставкаға кете ме?

Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев қызметкерлері парамен ұсталса, бірінші басшы отставкаға кетуі керектігін айтқан еді...

Ұлттық тестілеу орталығы басшыларының парамен ұсталуына қатысты мәлімдеме жасаған Білім министрі отставкаға кету ойында жоқ екенін мәлімдеді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі  КТК телеарнасына сілтеме жасап. 

"Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Сол себепті, оның қорытындысын күтуіміз керек. Ал отставкаға кету жайлы айтарым: өздеріңіз білесіздер, министр қызметіне кіріскеніме небары үш ай ғана болды. Сондықтан сұрағыңыз орынсыз деп ойлаймын", - деді Күләш Шәмшидинова журналистердің сауалына. 

Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев қызметкерлері парамен ұсталса, бірінші басшы отставкаға кетуі керектігін айтқан еді. Кейін іле-шала Білім және ғылым министрілігіне қарасты Ұлттық тестілеу орталығының бұрынғы бас директоры пара ретінде шетелдің 9 миллион теңге тұратын қымбат көлігін алды деген күдікке ілінді. Ол орталықты 2016-2017 жылдардың аралығында басқарған. Одан кейін тағайындалған Рамазан Әлімқұлов та сот шешімімен екі айға қамауға алынды. Тергеу мәліметтеріне қарағанда, ол 2017-2018 жылдары делдал арқылы жүйелі түрде ауызбастырық алып отырған. 

Ұсынған: Маржан Сәбет

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір