• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 19:15:11
Алматы
+35°

29 Мамыр, 2019 Спорт

Головкиннің жаттығу кезіндегі видеосы жарық көрді. Қарсыластар туралы қатты айтыпты (видео)

"Билли Джо Сондорс сенімен екі рет келіссөз жүргізгенін айтады. Неге сол жекпе-жек орын алмады?" - деп сұрақ қойды журналистердің бірі.

Жаттығудан кейін әйгілі қазақстандық боксшы журналситердің бірқатар сұрақтарына жауап берді. Ол кішігірім сұхбатқа айналған сауалдардың жауабын орыс тілінде берді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап. 

8-маусым күні өтетін жекпе-жегіне қызу дайындық жүргізіп жатқан Геннадий Головкин өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жаттығу барысынан суреттер жүктеді.

Жазбаның астына "Калифорниядағы ашық жаттығу. 8-маусым алыс емес" деп жазды.

GGG келесі аптада көптен күттірген жекпе-жегін Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden аренасында өткізеді. Қазақстандықтың қарсыласы – жеңіліс көрмеген, 19 жекпе-жегінде 10 қарсыласын нокаутпен құлатқан канадалық былғары қолғап шебері Стив Роллс.

"Билли Джо Сондорс сенімен екі рет келіссөз жүргізгенін айтады. Неге сол жекпе-жек орын алмады?" - деп сұрақ қойды журналистердің бірі.

"Сіз Сондорс туралы айтып тұрсыз ба? Ол мүлде назар аударуға тұрмайды. Көптің арасынан Сондорсқа ерекше назар аударамын деп айта алмаймын. Мен айтқандай, бұл сияқты «массалардың» барлығы кезекте тұрсын. Егер кімде кім шынымен жұдырық түйістіргісі келсе, мен онымен жұдырықтасамын. Бәрі өз кезегін күтсін!" - деп жауап берді Головкин.

Аударған: Әділет Мәдениет

Әділет Мәдениет

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір