• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 02:57:39
Алматы
+35°

29 Мамыр, 2019 NEWS

Қостанайда марихуана айналымының жолы кесілді

ҰҚК құрамында каннабистік топ есірткі құралдарының заңсыз айналымына қатысы бар азаматтарды қолға ұстады

Қостанай облысы бойынша департаменті құрамында каннабистік топ есірткі құралдарының заңсыз айналымына қатысы бар азамат А. Чигаркин және В. Бондуровский болған наркотоптың заңсыз әрекетін анықтап, жолын кесті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, 2018 жылғы 19 қарашада салмағы 19 кг 230 гр. «марихуана» есірткі құралын өткізу кезінде В. Бондуровский ұсталды. Жауап алу барысында ұсталған адам кінәсін мойнына алып, есірткіні А. Чигаркиннен алғанын айтты.

2018 жылғы 20 қарашада А. Чигаркинді анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп, одан сондай-ақ салмағы 3 кг 721 гр. «марихуана» есірткі құралы алынды.

Нәтижесінде алынған есірткінің жалпы салмағы 22 кг 951 гр. құрады.

2019 жылғы 6 мамырда Қостанай облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер бойынша сотының үкімімен А. Чигаркин ҚР ҚК 296-бабы 4-б. және 297-бабы 3-б. бойынша кінәлі деп танылып, 13 жылға бас бостандығынан айыруға, В. Бондуровский ҚР ҚК 297-бабы 3-б. бойынша 10 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды.

Ұсынған: Ильдар Адильченов

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір