• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 21:16:50
Алматы
+35°

28 Мамыр, 2019 Аймақтар

Елорда төрінде Серік Қондыбай мұралары таныстырылды

Елорда төрінде Серік Қондыбай мұралары таныстырылды

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Маңғыстау облысының әкімдігі және Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ұйымдастырыуымен «Серікбол Қондыбай мұраларындағы арғықазақ мифологиясы және Ұлы Дала өркениеті»  атты II халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.Серік Қондыбай мұралары

Конференция, дүниежүзілік мифологиялық мектептердің теориялық негіздері және идеяларын,  тақырыптары мен мысалдарын салыстыра зерттеп реконструкциялау негізінде «Арғықазақ (дей-түркі) мифологиясының» негізін қалаған,  жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар саласындағы демократиялық ой-толғаулар мен жаңа тұжырымдар ұсынған мифолог-ғалым Серікбол Қондыбайдың шығармашылығына  арналды. Конференцияға республикамыздың атақты ғалымдары мен қоғам қайраткерлері, Түркия, Ресей, АҚШ мемлекеттерінен мифология, философия, тарих, этнология, археология, өркениет тану салаларының ғалымдары мен музей зерттеушілер орталығының арнайы шақырылған 200  үстінде қонақтар мен ғылыми орта қатысты. Серік Қондыбай мұралары Конференция барысы - «Күнтекті қаһармен» деректі фильмі, «Қазақстан» ТРК «Балапан» арнасы дайындаған «Айдар»  және «Қоңырқаз» анимациялық мультфильмінің көрсетілімінен басталып,  С.Қондыбай шығармалары бойынша дизайнер Тәрбие Айдынбаеваның «Мифтік кейіпкерлер шеруі» атты дефилесінің тұсаукесеріне ұласты. Жиналған қауым  аталған екі көрсетілімге дән риза болып, алған әсерлерін овациямен білдірді. Сөз басын облыс басшысы Ералы Тоғжановтың арнайы құттықтауын жеткізіп, конференция қатысушыларына сәттілік тілеген облыстық ардагерлер төрағасы Төлетов Серікбай Құдайбергенұлы бастады. Конференция тізгінін Еуразия Ұлттық университетінің проректоры, ҚҒА академигі Дихан Қамзабекұлы ұстады. Ғылыми конференция жұмысы келесі бағыттарды қамтыды:

  1. Серікбол Қондыбайдың еңбектері және мифология құбылысы;
  2. Ұлы дала құндылықтары және таным сабақтастығы.Серік Қондыбай мұралары

Шетелдік ғалымдар арасында әлемдік деңгейдегі ғалымдар Түркие елінің  Эгей университетінің профессоры  Мұстафа ӨНЕР,  РФ, Чуваш республикасының  мемлекеттік университетінің  профессоры, филология ғылымдарының докторы, әлемдік түркітанушылар  ассоциациясының төралқа мүшесі Николоай ЕГОРОВ,  РФ Башқұртстан Республикасының Ғылым академиясы Уфа федеральдық зерттеу орталығы тарих, тіл және әдебиет институтының профессоры, филология ғылымдарының  докторы Фирдаус Хисамитдинова және т.б. қатысты. Солардың бірі Висконсин-Мадисон университетінің профессоры және Назарбаев университеті түркітану және қазақ тілі кафедрасының жетекшісі, PhD  (АҚШ) Юлай Шамилоглу баяндама жасап, Назарбаев университетіндегі «Қазақ мифологиясы» ашылып, Серікбол Қондыбай шығармалары негізге алынып оқытылатынын айтты. «Мені қуантатыны Серікболдың шығармаларына ден қойған әлі де бізге белгілі емес жас ғалымдардың өсіп келе жатқандығы. Еуразия ұлттық университетінің базасында бар Серікбол ілімін әлемдік ғылыми айналымға енгізуге толық мүмкіндіктің барлығы. Ендігі мақсат қазақ мифология туралы еңбектердің шетел тілдеріне аударылып, ұлттар мен халықтар мәдениетін  жақындастырып  насихаттау» - деді ғалымның апасы Балсұлу Қондыбай. Конференцияның жалғасы секциялық отырысқа ұласып,  ғылми пікірталас түрінде өтіп, келгендер мифлогияның қазіргі таңдағы көкейкесті мәселелерін  қызу талқылады. Отырыс соңында «Серікбол Қондыбай мұраларындағы арғықазақ мифологиясы және Ұлы Дала өркениеті»  атты II халықаралық ғылыми-теориялық конференцияның қорытындысы бойынша Қарар  қабылданды.Серік Қондыбай мұралары

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір