• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 02:07:24
Алматы
+35°

29 Мамыр, 2019 Аймақтар

Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында үш жаңа нысан пайдалануға берілді

Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында үш жаңа нысан пайдалануға берілді

Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов өңірдегі  61 елді-мекенді түгел аралап шықты. Негізгі мақсат- тұрғындармен кездесіп, ауылдың тыныс-тіршілігімен жақыннан танысу. Аймақ басшысы Бейнеу ауданына қарасты Өзбекстан елімен шекаралас орналасқан Тәжен және Ақжігіт ауылында болды. Ералы Тоғжанов жұмыс сапары барысында Бейнеу ауданынан бастап Тәженге дейін салынып жатқан автомобиль жолының құрылыс жұмыстарымен танысты. Мердігер компания басшылары құрылыс жұмыстарын қыркүйек айына дейін толық аяқтап, тапсыратындарын жеткізді. Егер жол пайдалануға берілсе, ауыл халқына да мол мүмкіндік тіршіліктің жаңа бағыты пайда болмақ.

 Аймақ басшысы алдымен Тәжен ауылында тұрғындармен жүздесіп, ауыл әкімінің есебін тыңдады. Тәжен ауылы Бейнеу ауданынан 85 шақырым қашықтықта орналасқан. Халық саны – 217 адам. Одан соң облыс әкімі Ақжігіт ауылында болды. «Бұл ауылдағы ағайынның негізігі кәсібі мал шаруашылығы.  21 шаруа қожалығы тіркелген. 446 бас сиыр, 20 986 бас қой мен ешкі, 1 387 бас жылқы және 4 340 бас түйе бар. Ауылдың 5 азаматы жеңілдетілген пайызбен ауыл шаруашылығын қолдау бағыты бойынша «Атамекен» микро-қаржы ұйымы арқылы 21 млн теңге несие алса, бір азамат «Сыбаға» бағдарламасы арқылы қой өсіру үшін 6млн теңге алды.      «Бизнес 3 күнде» жобасы арқылы қолдау көріп, өз жұмысын бастаған 3 отбасы бар. Екеуі тігінмен айналысып, тігін цехын ашуда, біреуі ағаш бұйымдарын жасаумен айналысып отыр» - деді ауыл әкімі Серік Қамысбаев. Кездесу кезінде ауыл тұрғындары облыс әкіміне елді-мекеннің дамуына қатысты ұсыныстарын айтып, ойларын ортаға салды.Ералы Тоғжанов

Сондай-ақ, облыс әкімі Бейнеу ауданындағы жұмыс сапары барысында бірнеше жаңа нысанның ашылуына қатысты. Соның бірі, Бейнеу ауылындағы 160 орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешені. Бір сәтте 600 адамға дейін қабылдай алатын спорт кешенінде футбол, волейбол, үстел теннисі, баскетбол ойнайтын алаңдар мен күрес залы және тренажер залы бар.  Спорт кешенінің ашылу салтанатынан соң, Ералы Тоғжанов жас спортшылармен және ауданның белсенді жастарымен кездесті. Кездесу барысында облысымыздың мақтанышы Әлем чемпионатының, Европа кубогының иегері, Азия чемпионы Бауыржан Нарбаев жастардың атынан алғысын айтып, спортқа деген қолдауы үшін ризашылығын жеткізді. Ел игілігіне берілген су жаңа тағы бір нысан жабық жүзу бассейнімен фитнес залы. Енді Бейнеу ауданының бүлдіршіндері жаңа үлгідегі бассейнде шомылып, фитнес залда жаттығатын болады. Нысанның жалпы көлемі 600 м2. 240 адамға дейін қабылдай алады. Берекелі Бейнеуде пайдалануға берілген тағы бір нысанның бірі Боранқұл ауылындағы су тазарту зауыты. Су тазарту имаратының өнімділігі сағатына 198 текше метр, таза суға арналған 3000 м3 қойма орналасқан.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір