• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
22 Тамыз, 03:04:34
Сенім үдесінен шыққан банк

29 Мамыр, 2019 NEWS

Қазақстанның бас санитары: Тойдан алған сарқытты жеуге болмайды

Сарқыт жеуден сақтандырған дәрігермен ел тұрғындары келіспей жатыр

Қазақстанның бас санитары Жандарбек Бекшин қазақстандықтарды сарқыт жеуден сақтандырды. Алайда мұнымен ел тұрғындары келіспей жатыр деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Еліміздің бас санитар дәрігерінің айтуынша, сарқытта санитарлық тазалық болмайды. Сондықтан одан ішек аурулары тарауы мүмкін.

"Қарапайым ережелер сақталмағандықтан сарқыттан көп ауру жұғады. Ішек аурулары жұғуы мүмкін", - деді Жандарбек Бекшин.

Алайда сарқыт алып үйренген қазақ бұған келіспейді. Этнограф Гүлім Қабдолдина дәрігердің сөзіне қарсы шықты.

"Сарқыт алу қазақтың дәстүрі. Қазақтың дәстүрінде ешқашан кемшілік болмаған. Оның әрбірінде көрегендік жатыр. Сарқытты жұрт бала-шағасы ауыз тию үшін алады. Мерекелік таза дастарханнан салып береді. Сондықтан одан бас тарту дұрыс емес", - дейді этнограф.

Қала тұрғындары да этнографтың сөзін қостап, бас санитардың сөзіне қарсылық білдірді. Осылайша бас санитардың сөзі ел арасында түсінбестік тудырды.

Аударған: Ильдар Адильченов

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір