• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 14:08:08
Алматы
+35°

29 Мамыр, 2019 Спорт

Головкин Бэнкске қарсы жекпе-жек қарсаңында ашық жаттығу өткізді

Геннадий Головкин DAZN стриминг сервисіндегі алғашқы жекпе-жегі алдында ашық жаттығу өткізді

Орта салмақта әлемнің экс-чемпионы Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) DAZN стриминг сервисіндегі алғашқы жекпе-жегі алдында ашық жаттығу өткізді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz cайтына сілтеме жасап.

 

Головкин жаңа бапкері Джонатан Бэнкстің қоластында жаттықты. Бұған дейін қазақстандық боксшы Абель Санчеспен жұмыс істеген еді. Онымен жұмысын биыл сәуірдің аяғында тоқтатты.

 

Жаттығу барысында Головкин мен оның жаңа бапкері соққылар техникасы бойынша жұмыс істеді. 

 

Головкин келесі жекпе-жегін 8 маусымда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өткізеді. Қарсыласы - канадалық Стив Роллс (19-0, 10 КО). Кездесу 164 фунтқа дейінгі аралық салмақта өтеді. Бұл Головкиннің DAZN-мен келісімшарт аясындағы алты жекпе-жектің алғашқысы болады.

Аударған: Ильдар Адильченов

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір