• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 17:53:11
Алматы
+35°

29 Мамыр, 2019 NEWS

Алматы облысында мектеп бітіруші түлектер жол апатына түсті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі zakon.kz сайтының мәліметін негізге ала отырып.

Оқиға 25-мамыр күні "Алматы – Талдықорған" тас жолындағы Балпық би және Бақтыбай елді-мекендерінің аралығында болды.

Дәрігерлердің айтуынша, 2001-2002 жылдары туылған төрт оқушы ауруханаға жатқызылған. Олардың үшеуі бір мектептің түлектері екен. Көлік тізгінінде түлектердің бірі болған. Науқастардың екеуі жан сақтау бөлімінде. Біреуінің жағдайы өте нашар, арнайы аппарат көмегімен ғана тыныс алып жатыр. Оның мойын омыртқасы сынып, жұлынына зақым келген.

"Омыртқасы қалпына келді. Бірақ әзірге ешқандай нәтиже жоқ. Науқастың хәлі мүшкіл. Екіншісінің сан сүйектері мен тобықтары сынған. Жақын арада ота жасау үшін облыстық ауруханаға ауыстыруды жоспарлап отырмыз", - деді Көксу аудандық ауруханасының дәрігері Шыңғыс Рахимов.

Жеңіл жарақат алған екі түлек үйлеріне қайтарылды.

"Жол апатына ұшыраған балалардың үшеуі біздің биылғы түлектеріміз. Олар денсаулық жағдайларына байланысты барлық емтихандардан босатылды", - деді Еркін ауылындағы № 11 мектептің директоры Гүлбаршын Бейсекенова.

Оқи отырыңыз:

Гелендваген тақымдаған болашақ офицерлер ел ішін шулатты(видео)

Аударған: Дәурен Сыбанбай

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір