• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 16:28:19
Алматы
+35°

24 Мамыр, 2019 Аймақтар

Ақтаудағы Назарбаев зияткерлік мектебі CIS аккредитациясын алды

Ақтаудағы Назарбаев зияткерлік мектебі CIS аккредитациясын алды

Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Халықаралық Мектептер кеңесінің (CIS) аккредиттелуінен өтті.

Халықаралық аккредиттеу бойынша CIS директоры Стюарт Маклей мектепке құттықтау хатын жолдап, ұжымның білім мен тәрбиедегі ұмтылыстарын жоғары бағалаған. 

  • Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі қазіргі сәттен бастап Халықаралық мектептер кеңесінің (CIS) аккредитациясынан өткендігін хабарлағаныма қуаныштымын. Сізге және сіздің қызметкерлеріңіз бен бүкіл мектеп ұжымына ең жылы тілектерімізді жолдай отырып, жетістіктеріңізбен құттықтаймыз, -  дейді ол хатында.

Сәуір айының басында кеңестің сарапшыларынан құралған жұмыс тобы өңірдегі мектептің халықаралық стандартарға сәйкестігін бағалау мақсатында келген еді. Австралия, Румыния, Франция, Бельгия, Тайланд, БАӘ, Өзбекстан елінен келген тәуелсіз сарапшылар бес күн бойы ұйымның тыныс-тіршілігмен танысып, әкімшілік өкілдері, педагогтармен, оқушылар және ата-аналармен кездесіп, білім беру жүйесіне бақылау жүргізді. CIS командасы білім беру процесі мен мектеп өмірінің ұйымдастырылуына да баға берді. Сарапшылар сабақтарға, үйірмелерге, спорт секцияларына қатысып, балалардың тамақтану және медициналық көмек алу мүмкіндіктерін өз көздерімен көрді. Мамандар төтенше жағдайдағы балалар мен ұжым қауіпсіздігіне баса назар аударып, бірнеше ситуациялық жағдайларды да бақылады.

Бағалаушы тарап халықаралық кеңестің  «Мектептің миссиясы, көзқарасы мен құндылықтары», «Оқыту және оқу», «Басқару және көшбасшылық», «Оқытушылар мен қызметкерлерге қолдау көрсету», «Оқу және оқытуға қолжетімділік», «Мектеп мәдениеті» және оқыту үшін серіктестік», «Операциялық жүйелер» атты стандарттарына сәйкес құрылған жұмыс топтарымен тілдесті.

Кеңес құрамына ену мектеп түлектеріне үздік университеттерге түсу барысында көмегін тигізіп, ұстаздардың аккредиттелеген мектептермен өзара тәжірибе алмасуына, халықаралық деңгейде мықты мамандармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

  • Халықаралық мектептер кеңесінен аккредиттелуінен өту мектебімізге үздіксіз дамуға тамаша мүмкіндіктер ашады. Бұл оқу орнының үнемі жоғары білім сапасына ұмтылысының дәлелі және бізге үлкен жауапкершілік жүктейді, - деді мектеп директоры Ермек Пайзов.

Халықаралық мектептер кеңесі (CIS) - бұл мектептерді аккредиттеуге және жетілдірілген оқыту әдістерін дамытуға арналған халықаралық білім беру ұйымы, ол әлемнің 735 мектебін және 116 елден университеттер мен колледждерді қамтиды. Ақтаудағы Назарбаев Зияткерлік мектебі NIS  жүйесіндегі акрредитациядан өткен 18-ші мектеп болып отыр.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір