• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 00:20:53
Алматы
+35°

29 Мамыр, 2019 NEWS

Алматы қаласында жоғалып кеткен бала әлі табылмады

Іздеу шаралары кезінде анықталғандай 2007 жылғы Дамир Оспановты 28-мамыр күні түскі сағат 15:00 шамасында көрген

Алматы қаласында полиция қызметкерлері мен ерікті жастар іс-түссіз жоғалып кеткен баланы екінші күн қатарынан іздеп, таба алмай жүр деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Іздеу шаралары кезінде анықталғандай 2007 жылғы Дамир Оспановты 28-мамыр күні түскі сағат 15:00 шамасында көрген. Ол кезде ол Саина және Жандосов көшелерінің қиылысында, 9-шы шағын мөлтек ауданындағы №5 мектеп-гимназияның алаңында футбол ойнап жүрген екен. Сондай-ақ, іздеу бағдарында баланың арнайы белгілері көрсетілген.

Алматыдағы жоғалып кеткен жандарды іздеуге көмектесетін "LIDER.KZ" тобының үйлестірушісі Дильмира Блацтың айтуынша, іздестіру кешеден бері жүріп жатыр, бірақ әлі нәтиже шыққан жоқ.

"Бала әлі табылмады. Қазір іздестіру шараларын жасау үшін қосалқы адамдар керек. Полиция бөлімшесіне бала жоғалған сәтте арыз түскен. Қазіргі уақытта Алматы  полиция басқармасының қызметкерлерімен және Әуезов аудандық полиция қызметкерлерімен бірге жұмыс жасап жатырмыз. Біздің топтан он бес адам іздестіру жұмысын бастап кеттң, қалған адамдар жұмыс орнында",- деді Дильмира Блац.

Іздестіру жұмыстары қалай жүріп жатқаны жайлы қалалық полиция қызметкерлері де айта кетті.

"Он екі жастағы баланың жоғалғаны туралы арыз келіп түскеннен кейін, Әуезов аудандық полиция бөлімшесінде іздестіру тобы құрылды, оның құрамына Алматы қаласының полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар мен қылмыстық полиция қызметкерлері мен жедел бөлімшелері кіреді. Баланың қайда орналасқанын және оның ата-анасына қайтып оралуына бағытталған жедел-іздестіру шаралар кешені жүріп жатыр. Біз іс бойынша табысты нәтижеге үміттенеміз",- деп мәлімдеді Алматы қалалық полиция басқармасының ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Аударған: Бек Байтас

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір