• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 16:14:20
Алматы
+35°

29 Мамыр, 2019

Елімізде 6 жасар баланы мектепке бермесе, ата-анасына айыппұл салынады

Вице-министрдің сөзінше, 6 жасар балалардың 70 пайызынан астамы оқушылар қатарын толтырған.

Қазақстандық 6 жасар балалардың ата-аналары оларды бірінші сыныпқа бермесе, 5-тен 10 АЕК-ке (12 625 - 25 250 теңге) дейін айыппұл салынуы мүмкін деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ktk.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева мәлімдеді.

Министрдің орынбасарының сөзінше, бастапқыда министрлік мұндай ата-аналарға ескерту жасайды. Артынша қатаң шаралар қолданыла бастайды.

Суханбердиева 6 жасар балалардың ата-аналарын уақытынан бұрын уайымдамауға шақырды. Балалардың бәрі оқу бағдарламасын игере алады, дейді ол. 

Вице-министрдің сөзінше, 6 жасар балалардың 70 пайызынан астамы оқушылар қатарын толтырған. БҒМ еліміздегі барлық мектепке балабақша мен шағын орталықтарға бармаған балаларды дайындауға арналған 3 апталық курс енгізуді жоспарлап отыр. 

"Ата-аналардың бәрі жақсылап ойланады деп ойлаймын. Балалардың 7 жасынан бастап мектепке баруын талап ететін ата-аналар бар. Бірақ олар аз. Алайда барлық ата-ананы тағы да тыныштандырғым келеді. Бұл әдеттегі тәжірибе, ата-аналар уайымдамаса болады. Жаңартылған бағдарлама баланың оқуға еніп кетуіне барынша ыңғайлы, әр баланың ерекшелігі ескерілетіндей етіп дайындалған. Сондықтан мұнда ешқандай проблема жоқ», - дейді Эльмира Суханбердиева. 

Ұсынған: Мақпал Сембай

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір