• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 22:25:11
Алматы
+35°

30 Мамыр, 2019 Саясат

Қосанов: "Отырсам опақ, тұрсам сопақпын" (видео)

Қосанов өзін "биліктің адамы" деп сынап жүрген оппозиция өкілдеріне жауап берді

Қазақстанда 9 маусымға жоспарланған президент сайлауына "Ұлт тағдыры" қозғалысы ұсынған кандидат Әміржан Қосанов Youtube желісіндегі QaJet арнасына сұхбат берді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Сұхбат барысында Қосанов өзін "биліктің адамы" деп сынап жүрген оппозиция өкілдеріне жауап берді. Оның айтуынша, сайлауаға түспей тұрып өз бір мүдде жолында жүрген әріптестерінің кандидат ретінде тіркелгеннен кейін теріс айналуы - олардың пенделік пиғылдарымен байланысты. 

"Қазақта "Отырсаң опақ,, тұрсаң сопақ" деген сөз бар. Мен осы сайлауға түспесем де, мені қазір сынап жүргендер дәл осы әңгімелерін айтатын еді. "Қосанов қорықты", "билік оның аузын жапты", "мүмкіндігі бола тұра сайлауға түспеді" деп жазар еді. Сондықтан мен опақпын ба, сопақпын ба бір құдайдың өзі біледі. Мені сынап жүргендерге айтарым, неге олар мені сынап жүргендей билікті сынамайды? Кез келген саясаткерді сынау үшін бір ғана себеп болу керек. Егер ол басында айтқан сөзінен айныса сынауға болады. Мен осыдан 22 жыл бұрын билікке айтқан сөздерімнен айныған емеспін. Сондықтан мені биліктің адамы дегенді доғарыңыздар", - деді Әміржан Қосанов. 

Сонымен қатар ол сұхбат барысында өзінің штабының сайлау алды үгіт-насихат жұмыстарын неліктен сылбыр жүргізіп жатқанын айтты. Оның айтуынша, басты кедергі - қаржы тапшылығы мен мүмкіндіктің аздығы.

Қосанов егер сайлау әділ өтпесе, өзіне дауыс берген халықпен бірге биліктен әділдік талап етуге дайын екенін айтты. Сонымен қатар ол сұхбатта шетелдегі қазақтар мәселесі, сайлау барысы, сайлауда жеңіске жетсе орын алатын өзгерістер туралы сөз қозғалды.

Ұсынған: Мият Кәшібай

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір