• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 09:59:27
Алматы
+35°

30 Мамыр, 2019

Нұр-Сұлтанда 30 мамыр мен 1 маусым аралығында қозғалыс ішінара шектеледі деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2019 жылдың 1 маусымында "Қазақ Елі" еліміздің бас алаңында елорда тұрғындарының қатысуымен балалар мен жастардың музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерінің шеруі өтеді.

"Балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық ұжымдарының шеруіне байланысты 2019 жылдың 30 мамыры мен 1 маусымы күндері сағат 07.00-ден 13.00-ге дейін Нұр-Сұлтан қаласында мына көшелерде қозғалыс шектеледі: Тәуелсіздік көшесі мен Нәжмеденов көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейін; Байтұрсынов көшесі мен Тәуелсіздік көшесінен Аманжолов көшесіне дейін; Аманжолов көшесі Байтұрсынов көшесінен Нәжмеденов көшесіне дейін; Нәжмеденов көшесі Аманжолов көшесінен Тәуелсіздік көшесіне дейін", - деп жазылған әкімшілік полиция басқармасының хабарламасында.

Ұсынған: Мақпал Сембай

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір