• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 17:34:11
Алматы
+35°

30 Мамыр, 2019 NEWS

Алып қашудың ақыры: 7 жылға сотталды

Содан соң ол қызды зорлықпен көлікке отырғызып, олар ауданнан шыға бастайды.

Қызылордада қалыңдығын алып қашпақ болған жігіт пен оның сыбайластарына қатысты сот үкімі шықты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Аталған оқиға 2018 жылы шілдеде орын алған. Сотталғандардың бірі екі ауылдасымен кездесіп, оларға үйленгісі келетінін және бұрын кездескен бойжеткенді алып қашу туралы ойын айтады. Сөз байласқан үшеу Қызылордаға келген.

Болашақ күйеу жігіт бойжеткен тұратын үйді аңди бастаған. Таңертең қыздың жұмысқа жаяу кетіп бара жатқанын көрген жігіт оған жеткізіп салуды ұсынады, бірақ бойжеткен келіспеген.

–Содан соң ол қызды зорлықпен көлікке отырғызып, олар ауданнан шыға бастайды. Алайда, жылдамдықты асырғаны үшін көлікті полиция қызметкерлері тоқтатқан. Дәл сол сәтте бойжеткен полиция қызметкерлерінен көмек сұраған. Артынша жігіттер қызды зорлықпен алып қашқандары үшін аудандық полиция бөлімшесіне жеткізіледі. Аталған қылмыстық іс Қызылорданың №2 сотында қаралды. Жігіттер ҚР ҚК 125 бабының 2 (адам ұрлау) бөлігіне сәйкес жауапқа тартылды. Үшеуіне де аталған бапқа сәйкес 7 жылға шартты түрде бас бостандықтарынан айыру жазасына кесілді, - деп хабарлады сот өкілдері.

Ұсынған: Дәурен Сыбанбай

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір