• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 16:08:33
Алматы
+35°

30 Мамыр, 2019 Тағайындау

Премьер-министр Асқар Мамин жаңа қызметке сайланды

"Ортақ міндет - біздің интеграциялық инвестициялық жобалардың тиімділігін арттыру"

Еуразиялық даму банкінің Кеңесі ҚР премьер-министрі Асқар Маминді Кеңестің Төрағасы ретінде сайлады. Қазақстан Республикасының премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) Кеңесінің отырысы өтті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Үкімет сайтына сілтеме жасап.

Отырыс жұмысына ЕАДБ Кеңесінің мүшелері: Ресей Федерациясының Үкіметі төрағасының бірінші орынбасары - РФ қаржы министрі А. Силуанов, Қазақстан Республикасының премьер-министрінің бірінші орынбасары - қаржы министрі Әлихан Смайылов, Армения Республикасының вице-премьері  М. Григорян, Беларусь Республикасының қаржы министрі М. Ермолович, Қырғыз Республикасының қаржы министрі Б. Жеенбаева, Тәжікстан Республикасының қаржы министрі Ф. Каххорзода қатысты.

Отырыс барысында Банктің 2018 жылдағы жұмысының қорытындысы шығарылды, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық байланыстар мен инвестициялық қызметті дамытуға жәрдемдесуге бағытталған интеграциялық жобаларды іске асыру мәселелері қаралды.

Бүгінде Банк қоржыны 3,5 миллиард доллар сомасына 85 жобадан тұрады. Барлық жобалардың 40 пайызға жуығы Қазақстан аумағында іске асырылып жатыр. 2018 жылы ЕАДБ 1,4 миллиард доллар сомасына 29 жаңа жобаны мақұлдады, соның ішінде Павлодар облысында 197 миллион евро сомасына "Богатырь Көмір" ЖШС өндірістік процестерін жаңғырту, Алматы облысында 32 миллиард теңгеге "Нұр Жолы" автокөлік өткізу пунктінің құрылысы, Түркістан облысында 22 миллиард теңгеге су электр станциясын салу жобалары бар. 2019 жылы Ерейментау қаласының ауданында қуаттылығы 50 МВт болатын жел электр станциясының құрылысы қаржыландырылады.

Банктің табысты жұмысының нәтижелері бойынша биыл наурыз айында Standard&Poor's халықаралық агенттігі "BBB" деңгейіне дейін Еуразиялық даму банкінің несие рейтингін арттырды. Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин ЕАДБ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ынтымақтастығын дамытуға және бірлескен жобаларды қаржыландыруға өз үлесін қосатынын атап өтті.

"Ортақ міндет - біздің интеграциялық инвестициялық жобалардың тиімділігін арттыру", - деді Мамин.

Ұсынған: Мақпал Сембай

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір