• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 02:44:58
Алматы
+35°

30 Мамыр, 2019 NEWS

Адасып қалған бауырлардың ұрпағы 90 жылдан кейін табысты (видео)

Бүгінде Зағипа апа мен Әбіжанның ұрпақтары Әлімжаннан тараған ұрпақтарын әлі де сұрастырып келеді

Өткен ғасырдың 30 - жылдары кеңес билігінің ұрдажық саясатының кесірінен жалғызынан айрылып, жақынынан көз жазған тағдыр қаншама. Соның бірі – Зағипа апа. Міне, бүгінде ол кісі өз туысқандарын тауып, мәре-сәре болып жүр деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Информбюро бағдарламасына сілтеме бере отырып. 

Өмір бойы бауырларын жоқтаумен өтті

Зағипа апа да сол жылдары құлын-тайдай тебісіп өскен қос ағасынан тірідей айырылған.

Шөптің үстіндегі Зағипаның апаның ағасы Әбіжан

Шөптің үстіндегі Зағипаның апаның ағасы/ Фото авторға whatsapp арқылы келіп түсті

Әбіжантан кейінгі жылдары қол диірменді айналдырып етегі жасқа тола "Әлімжаным-ау, Әбіжаным-ау, қайдасыңдар бауырларым!" деп зар еңіреп жылап отыратын, – дейді бауырлары. Зағипа апа туыстарын бір көруге зар болуымен 1974 жылы өмірден өтеді.

Ана аманаты

"Туыстарымның өзі, болмаса балалары табылса да, менің атымды атап беттерінен бір сүйіңдер" – деп аманат етіп кетіпті, дейді немерелері.

 Ó˜Ð±Ñ–жанның қызы Күмісай мен Зағипа апа

Әбіжанның қызы Күмісай мен Зағипа апаның қызы Дәметкен / Фото авторға whatsapp арқылы келіп түсті

Енді міне ғасырға жуық уақыт өткен соң Әбіжанның қызы мен Зағипаның немерелері табысты.

Әкесін атып, малдарын кәмпескелеп әкеткен

Зағипа апаның әкесі – Нұрпейіс деген бай, атасы – Сатыпалды деген би болыпты. Шешесінің есімі – Бәтима. Қызылдар ойран салған кезде әкесін атып, малдарын кәмпескелеп әкетіпті.

Сол жағындағы Мәлипа деген сіңілісі, оң жақтағы Зағипа апа 

Сол жағындағы Мәлипа деген сіңілісі, оң жақтағы Зағипа апа / Фото авторға whatsapp арқылы келіп түсті

Көкен таудың уағымыз дей-тұғын. Мәлипа деген сіңілісі, Әлімжан, Әбіжан деген екі ағасы темір жолда жұмыс жасапты.

Зағипа малшылармен бірге кеткен

Малды жинап колхоздандырған кезде Арқалық деген колхоз құрылыпты. Екі ағасы Зағипаны сол мал айдаған елмен ертіп жіберген екен. әСолармен жүрсе, аштан өлмейдіә десе керек.

Қалба тауын бойлай қой айдағандардың арасында 20-ның ішіндегі қыз бала бас сауғалап еріп жүреді. Шардың бойынан Ұланның Алғабасына таман келгенде сол маңдағы жасы 50-ге келсе де үйленбей жүрген Ермек деген азамат, 1933 жылы Зағипаны келіншек қылып алып қалады.

Ермек пен Зағипаның Дәметкен және Бижамила деген екі қызы болады.

Әже аманатын арқалаған ұрпақ

Осы уақытқа дейін нағашы әжесінің аманатын арқалап жүрген Абзал Қасенов, –Дәметкеннің ұлы.

 – Мен Зағипа апаның бауырында өстім. Ұлдары болмағасын менің әке-шешем Болатбек деген бір ұлдарын сол нағашыларға беріпті. Кейін нағашы атам Ермек қайтыс болғасын менің әке-шешем Зағипа апаны қолдарына көшіріп алған, – дейді Абзал.

 ÐÒ› орамалдағы Зағипа апа, қасындағы Абзал аға

Ақ орамалдағы Зағипа апа, қасындағы Абзал аға / Фото авторға whatsapp арқылы келіп түсті

Айтуынша, Абзал дүниеге келгенде анасының жағдайы нашар болған соң, нағашы апасы, Зағипа, өз бауырына салған.

Нағашы атам Ермек 1887 жылғы, 1933- жылы нағашы апам Зағипаға үйленген екен. Зағипа апам 1910- жылғымын деп айтатын. Атамыз -46, апамыз -23 жасында үйленген екен. Ермек ата 1960 - жылы сәуірде қайтыс болыпты.

Нағашы атам қайтыс болғанда қырқына барамыз деп әкем мен шешем салт атпен шығыпты. Нағашыларым ол кезде Алғабас деген ауылда тұрған екен. Сонда жолда бара жатып әкем атынан айрылып қалыпты. Қырқын өткізгесін атын іздеп шығыпты. Атын жолда бір селсовет ұстап отыр екен. Бермейтін болғасын әкем болған жағдайды өлеңмен айтады. Солай атын қайтарып алған екен, дейді Абзал.

Абзалдың әкесі Қуандықтың жазған өлеңінен үзінді

Абзалдың әкесі Қуандықтың жазған өлеңінен үзінді / Фото авторға whatsapp арқылы келіп түсті

Аманатты орындау үшін Абзалдың іздестірмеген жері жоқ

Әбіжан мен Әлімжанның ұрпақтарын сұрастырып, іздеп келді. Тіпті кезінде,"Бармысың бауырым?" бағдарламасына да жүгінген. Алайда, нәтиже болмаған.

 – Былтыр әке-шешем, Болатбек ағам үшеуі сол Суықбұлаққа іздеп барып елден сұрастырып таба алмай қайтқан, – дейді Абзал.

Суықбұлақ – Шар қаласының маңындағы бір ауыл. Арқалық деген колхоз құрылған сол жерде. Семей мен Шардың арасы 100 шақырымға жуық.

Тек биыл ойламаған жерден бір-біріне себепші болып, сәті түсіп, іздеген туыстары табылды.

 – Мен біздің ауылда Самат деген уақ жігітке өлең шығарған едім соны, қаңтар айында әлеуметтік желіге жарияладым. Саматтың шешесі найман, мен де найманмын, туыстығымыз бар, – дейді Абзал.

 – "Сендердің ауылдарыңда уақтар тұра ма?", деп Ақтөбеден Инамат деген уақ жігіт хабарласты. Осылай әңгімелесе келе "менің нағашы апам да Көкен таудың уағымын" деп айтушы еді. Іздеп туыстарын таба алмадық. Ауылдары Шардың маңында екен деп ағымнан жарылдым.

Инамат Шардан Адақ деген кісімен сөйлеседі. Нағашыларын да сол Адақ тауып берген.

Бір күні нағашыларыммен аталас Әсемхан деген кісі хабарласты

Айтуынша, қатым қағазда Әбіжан, Әлімжан, Зағипа Нұрпейістің балалары дегенді көрген.

"Күмісай деген қызын Семейде бір көргенмін, дәріханада істейді. Әбіжанның бір баласымен Шарда интернатта бір сыныпта оқығанбыз" деді. Содан ары қарай Адақ бауырым Семейден іздеп жүріп, Күмісайды тапты",–дейді Абзал.

Аманат орындалған күн

7- мамырда Күмісай әке-шешеме келіп танысып, мәре сәре болып қайтты.

Әлімжаннан хабар жоқ

Күмісай – Әбіжанның кенже қызы. Көзі тірілерден өзінен басқа үлкен ағасы мен әпкесі ғана. Кенже болған соң, туыстардан көп хабары жоқ. Отбасы шежіресін жақсы білетін үлкен әпкесі, инсульт алып, ауырып жатқан көрінеді.

  Зағипа апаның қолындағы Әбіжан мен Мәлипаның суретін Күмісай әкеліпті

Дәметкен апаның қолындағы Әбіжан мен Мәлипаның суретін Күмісай әкеліпті / Фото авторға whatsapp арқылы келіп түсті

Бүгінде Зағипа апа мен Әбіжанның ұрпақтары Әлімжаннан тараған ұрпақтарын әлі де сұрастырып келеді. Зағипа апаның айтуы бойынша, сол кезде Әлімжанның Тілеуберді деген баласы болған. Одан басқа ешқандай мәлімет жоқ.

Ұсынған: Бек Байтас

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір