• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 15:23:10
Алматы
+35°

30 Мамыр, 2019 NEWS

"Күршім ауданы қытайларға сатылып кеткен". Әкім мәлімдеме жасады (видео)

Оның айтуынша, қазіргі уақытта Күршім ауданының аумағында қазақ егіншілері, қазақ шаруалары өз кәсіптерін дөңгелетіп отыр.

Бір-екі күн көлемінде әлеуметтік желілер арқылы Күршім ауданында қытайларға жер сатылғалы жатқандығы туралы ақпарат тараған. Осы ақпаратқа қатысты Күршім ауданының әкімі мәлімдеме жасады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

"Жер сатылғандығы туралы жалған ақпарат тарап жатыр. Бұл ақпараттың еш негізсіз екенін мәлімдеймін. ҚР "Жер туралы" заңына сәйкес, шетел азаматтарына жер берілмейді, сатылмайды. Жер тек қазақстандық азаматтар мен шетелде үлесі жоқ қазақстандық заңды тұлғаларға беріледі", - дейді Күршім ауданының әкімі Дулат Қажанов.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта Күршім ауданының аумағында қазақ егіншілері, қазақ шаруалары өз кәсіптерін дөңгелетіп отыр. Қазақтардан өзге жері бар шетелдіктер аудан көлемінде жоқ екен-мыс. 

Дайындаған: Әділет Мәдениет

Әділет Мәдениет

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір