• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 01:36:12
Алматы
+35°

30 Мамыр, 2019 Спорт

Елорданың сайлау учаскелерінде Головкиннің жекпе-жегі көрсетіледі

Нұр-Сұлтан уақытымен 9 маусымда өтетін Геннадий Головкиннің жекпе-жегі барлық сайлау учаскелерінде көрсетіледі

Нұр-Сұлтан уақытымен 9 маусымда өтетін Геннадий Головкин мен Стив Роллс арасындағы жекпе-жек астанадағы барлық сайлау учаскелерінде көрсетіледі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімінің орынбасары Ерлан Каналимов айтты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі BNews.kz тілшісіне сілтеме жасап.

“Бәріміз көптен күтіп жүрген Геннадий Головкиннің жекпе-жегі таңғы 7:00-ден бастап 10:00-ге дейін өтетінін ескеріп, біз барлық учаскелерде дауыс беру залынан бөлек бөлмелер ұйымдастырып, онда азаматтар үшін жекпе-жектің тікелей эфирін ұйымдастырамыз”, - деді Ерлан Каналимов.

Ол Нұр-Сұлтан әкімінің шешімімен 9 маусым күні қалада қоғамдық көліктерде жол жүру тегін болатынын да еске салды.

Аударған: Ильдар Адильченов

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір