• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 14:22:44
Алматы
+35°

30 Мамыр, 2019 NEWS

Әли Бектаев: Нұрсұлтан Назарбаев жалақы алмайды

Дауыс беру құқығы берілмеген, тек өз ойын ашық жеткізіп, қатысуға рұқсат етілген

Сенатор Әли Бектаев Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметті сенатор ретінде қандай басымдылыққа ие болғаны жайлы айтып берді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

"Міндеттері мен жеңілдіктері қарастырылмаған. Бұл қоғамдық мәртебесі бар атақ. Бұл Тұңғыш Президнттің Сенат қабырғасына сіңірген ерен еңбегі. Менің көзқарасымша, бұл жағдай Сенаттың дәрежесін, депутаттардың жауапкершілігін арттыратын секілді. Себебі құрметті сенатор Елбасы кез-келген уақытта отырыстарға, қалаған келісімшарттарға өз ойын айтып, қатыса алады. Бұл өзара тиімді болмақ",- дейді Бектаев мырза.

Депутаттардың сөзіне сенсек, Нұрсұлтан Назарбаев Сенаттың дауыс беру жобасына қатыса алмайды.

"Дауыс беру құқығы берілмеген, тек өз ойын ашық жеткізіп, қатысуға рұқсат етілген. Бұл қоғамдық бастаманың ісі болғандықтан, жалақы төленбейді",- деп қоса кетті Әли Бектаев.

Нұрсұлтан Назарбаевқа құрметті сенатор атағы тағайындалды. Бұл ұсынысты Қасым-Жомарт Тоқаев ұлықтау рәсімі кезінде енгізді. 29-мамыр күні Нұрсұлтан Назарбаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің құрметті төрағасы атанды. Ұсынысты Ресей Президенті Владимир Путин ортаға тастап, қалған жетекші елдер қолдау көрсетті.

Нұрсұлтан Назарбаев: "Владимир Путинға ризашылығымды білдіремін!"

Аударған: Бек Байтас

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір