• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
24 Тамыз, 03:54:20
Қорықшылардың материалдық-техникалық базасы күшейтіледі

30 Мамыр, 2019 Саясат

Нұрсұлтан Назарбаев: "Владимир Путинға ризашылығымды білдіремін!"

Владимир Путинге осы бастаманы қолдағаны үшін ризашылығымды білдіремін

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзіне берілген "Құрметті төраға" атағына байланысты пікір білдірді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

"Маған Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің құрметті төрағасы атағын беру туралы бастама үшін ерекше алғысымды айтамын. Осы идеяны ұсынған Владимир Путинге және отырысқа жиналғандарға осы бастаманы қолдағаны үшін ризашылығымды білдіремін. ТМД мен Еуразиялық одақта жинаған тәжірибемді ескере отырып, күш-қуатым мен мүмкіндігіме қарай сіздерге, әсіресе біздің Еуразиялық экономикалық одаққа пайдамды тигізуге тырысамын", - деді Назарбаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің меретойлық саммитінде.

Айта кетейік, 29 мамырда Қазақстан астанасы Нұр-Сұлтан қаласында Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің жиынында Қазақстанның алғашқы президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа кеңестің "Құрметті төрағасы" атағы берілген болатын.

Оқи отырыңыз:

Әли Бектаев: Нұрсұлтан Назарбаев жалақы алмайды

Ұсынған: Мият Кәшібай

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір