• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 02:28:35
Алматы
+35°

30 Мамыр, 2019 NEWS

Қарағандылық қоғам белсендісінің өлімі: тың деректер пайда болды

Жаңаарқа ауданы Ататсу ауылында28-мамырдың күні қоғам белсендісі Ғалы Бақтыбаевты өлтіріп кетті

Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Атасу ауылында 28-мамырдың күні қоғам белсендісі Ғалы Бақтыбаевты өлтіріп кетті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі NV.KZ порталына сілтеме жасап.

Ғалының қарындасы Зәуре Бақтыбаеваның айтуынша, ағасына қарсы қоқан-лоқы көп болды. Өткен жылы белгісіздер оның үйінің терезесін сындырып, көлігін өртеп кеткен. Кейін қоңырау шалып ірілік көрсететін.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, Ғалы Бақтыбаев қоғамдық жұмыстармен айналысып, халықты толғандырған мәселелерді көтеріп келген.

Белсенді Айтқожа Фазыловтың айтқан сөзіне сенсек, оған дейінде оның өміріне қастандық жасалды. Бұл ақпан айында болған. Түнде Бақтыбаевтың үйіне маска киген белгісіздер келіп, оны соққыға жыққан.

Аталған фактіге байланысты Қылмыстық Кодекстің 99-бабы 1-тармағы "Адам өлтіру" айыбымен қылмыстық іс қозғалды. Қылмысты ашу, күдікті азаматтарды ұстау мақсатында департаменттің және Жаңаарқа аудандық полиция бөлімінің тәжірибелі қызметкерлерінен жедел тергеу тобы жасақталып, қылмыстың ізін кесу бойынша кешенді іс-шаралар атқарылуда. Тергеу барысы облыстық полиция және прокуратура басшылығының бақылауында. Өзге ақпараттар ҚР ҚПК-нің 201 бабына сәйкес жарияланбайды.

Белсендінің артында 5 баласы қалды.

Аударған: Ильдар Адильченов

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір