• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 04:14:05
Алматы
+35°

30 Мамыр, 2019 NEWS

Атақты тиін Алматымен қоштаса ма?

Алматы қаласындағы Атакентте орналасқан Үлкен Тиынды салуға 23 млн теңге кеткен болатын.

FUNK агенттігінің жетекшісі Майра Измайлова Атакентте орналасқан атақты тиінге қандай өзгертулер енетінін айтты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі МИА "Казинформ" сайтына сілтеме бере отырып.

Оның айтуынша, "Атакент" алаңындағы тиіннің бір жыл тұруының арқасында, ол  жерде мәдени- қоғамдық орта қалыптасты, бірақ сонда да маусым айында тиін дәл осы қалпында болмайды, оны ретке келтіреді. Жаңа жобаны күткен әйгілі өнер нысаны "Ecobelka" деп аталады.

"Біздің топ керемет жоба эко-арт жобасын ойлап тапты. Осы жазда тиінді толығымен жаңартамыз. тиін қайта өңделген материалдардан жасалады",- деді Майра Измайлова.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, тиіннің жобасына сәйкес сыртын пластикалық панельмен қаптайды. Ол да қайта өңделген пластика болмақ.

"Тиіннің қаңқасы металл мен ағаштан құралады. Біз барлық қаптамасын шешеміз, яғни сабанды алып тастаймыз. Ішкі құрылысын қайта жаңартып, жарамды болып табылатын материалдарға панельдер орнатылады. Бұрынғы тиінды ешқайда жібермейміз, тек экологиялық материалдан жаңаша стильде орнатамыз",- дейді жоба құрастырушылары.

Алматыдағы тиіннің жаңартылуына 10 млн теңге қажет. Ұйымдастырушылар бұл соманы "қала тұрғындарынан аламыз" деп отыр: қаржылай көмекті краудфандинг алаңында көрсетуге болады.

Алматы қаласындағы Атакентте орналасқан үлкен тиінді салуға 23 млн теңге кеткен болатын.

 Аударған: Бек Байтас

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір