• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
24 Тамыз, 13:17:40
Қорықшылардың материалдық-техникалық базасы күшейтіледі

31 Мамыр, 2019 NEWS

Көпбалалы аналардың қуанышы: Қарағандыда 86 отбасы қоныс тойын тойлады

30 мамыр күні қала әкімі Нұрлан Әубәкіров оларға пәтер кілтін табыс етті

Қарағандыда 86 көпбалалы отбасы қоныс тойын тойлады. 30 мамыр күні қала әкімі Нұрлан Әубәкіров оларға пәтер кілтін табыс етті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл пәтерлер Қарағандының оңтүстік-шығысында Байкен Әшімов атындағы жаңа шағынауданда салынған үйлерде орналасқан. Болашақта мұнда қаланың әкімшілік-іскерлік және мәдени орталығы орналасады. Жаңа шағынауданда әлеуметтік және спорт нысандары, гүлзарлар, концерт залы, балалар мен жасөспірімдер сарайы және басқа да көптеген нысандардың құрылысы жоспарланған.

көпбалалы ата-ана

«Қазір облыс орталығында 1500-ден астам көпбалалы отбасы атаулы әлеуметтік көмек алуда. 500-ге жуығы жол жүру жеңілдігімен қамтамасыз етілген. Көпбалалы ата-аналарға балабақшада 50% жеңілдік қарастырылған. Сонымен қатар, олардың балалары спорттық секциялар мен үйірмелерге тегін бара алады.

Ал жазда «Салют» лагерінде демалуға мүмкіндік жасалған», - деп атап өтті Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан Әубәкіров. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың, Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошановтың тапсырмасы бойынша көпбалалы отбасыларға кешенді қолдау көрсетілуде.

Естеріңізге сала кетейік, 1 мамырда 10 көп балалы отбасы пәтер кілтіне ие болған еді. Қарағандыда мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға 494 отбасы кезекте тұр.  

Ұсынған: Маржан Сәбет

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір