• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
15 Қазан, 23:08:53
Сайлау қарсаңында "жоғалып кеткен" актер Шри-Ланкадан сәлем жолдады (видео)

31 Мамыр, 2019 Әдебиет

Тоқаев жарлыққа қол қойды: Абайдың 175 жылдығы қалай тойланады?

Абайдың 175 жылдығын ЮНЕСКО мен ТҮРКСОЙ (Халықаралық түркі мәдениеті ұйымы) аясында тойлау мәселесі пысықталуы тиіс.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын жоғары деңгейде мерекелеу туралы жарлыққа қол қойды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақорда сайтында сілтеме жасап.

Қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы 2020 жылы өтеді.

Осыған байланысты мемлекет басшысы үкіметке бірқатар тапсырма берді.

Атап айтқанда, биыл 1 шілдеге дейін Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылуы тиіс. Ал 1 қазанға дейін мерейтойдың жалпыреспубликалық жоспарын бекіту керек.

Абайдың "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық музейін кешенді жаңғырту үшін тиісті шаралар қабылдауды тапсырды.

2020 жылы Нұр-Сұлтан қаласында Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.

Тоқаев Абайдың шығармаларының кең таралған негізгі шет тілдеріндегі сапалы аудармасын баспадан шығарып, халықаралық деңгейде насихаттауға тапсырма берді.

Сонымен қатар, Абайдың 175 жылдығын ЮНЕСКО мен ТҮРКСОЙ (Халықаралық түркі мәдениеті ұйымы) аясында тойлау мәселесі пысықталуы тиіс.

Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан президентінің әкімшілігіне жүктелді. Құжат қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енеді.

Ұсынған: Мақпал Сембай

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір