• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 13:37:48
Алматы
+35°

31 Мамыр, 2019 Оқиғалар

Таразда көп қабатты үйдің шатыры өртенді (видео)

Бұл үй 2014 жылы жаңғырту бағдарламасы бойынша жөндеуден өткен екен.

Таразда көп қабатты үй өртенді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі 
24.kz телеарнасының сайтына сілтеме жасап.

120 пәтерден тұратын үйдің шатырынан шыққан от ауыздықталғанмен, өртті тым  ұзақ уақыт сөндіруге тура келген. Зардап шеккендер жоқ. Тұрғындар дереу эвакуацияланды.

Оқиға орыны оқшауланып, өрт сөндіру қызметінің мамандары арнайы техникамен жұмыс істеді. 

Ақпаратқа сәйкес, сағат 19:30-да Тараз қаласы «Қарасу 5» шағын ауданындағы  №18 үйдің шатырында өрт шыққан.

ТЖД өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметіне 19:34-те қоңырау келіп түсті. Өртті сөндіруге 14 техника, 62 өрт сөндіру қызметінің маманы жұмылдырылды. 171 адам қауіпсіз жерге көшірілді, оның 42-і бала.

Кешкі сағат 20:50-де өрттің өзге аймақтарға қауіп төндіруі тоқтатылып, сағат 22:11 сөндірілді.

Аймақ басшыларының айтуынша, енді арнайы комиссия құрылып толық зерттеу жұмыстарын жүргізеді.

Бұл үй 2014 жылы жаңғырту бағдарламасы бойынша жөндеуден өткен екен.


Ұсынған: Мақпал Сембай

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір