• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 13:06:41
Алматы
+35°

31 Мамыр, 2019 Оқиғалар

Маңғыстау облысында 12 жастағы баланың үстіне футбол қақпасы құлап кетті

Әжесінің айтуынша, бала футбол алаңында ойнап жүрген уақытта оның үстіне қақпа құлаған.

Маңғыстау облысында 12 жастағы баланың үстіне футбол қақпасы құлап кетті. Балаға дереу ота жасалды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға 29 мамырда Жетібайда болған. Шамамен 19:00-де Қарақия ауданына қарасты Жетібай ауылының 2007 жылғы тұрғыны ауыр жарақатпен дереу Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөліміне жеткізілді. Баланың бас сүйегінің негізгі бөлігі сынып кеткен және ол травматикалық шок алған. 

Әжесінің айтуынша, бала футбол алаңында ойнап жүрген уақытта оның үстіне қақпа құлаған. 

"Дәрігер нейрохирургтар баланы қарап шыққан соң, басына дереу ота жасады: олар ісікті алып тастап, бас сүйегін тесіп операция жасады. Ота шамамен бір жарым сағатқа созылды. Қазіргі жағдайда баланың жағдайы тұрақталды", - деді Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің өкілдері. 

Ұсынған: Мақпал Сембай

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір