• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 18:29:41
Алматы
+35°

31 Мамыр, 2019

Арыстанбек Мұхамедиұлы ерекше аспапта ойнап, көпшілікті таң қалдырды (видео)

"Сүйікті аспабымды қолыма алып, РФ Халық әртісі Сергей Ролдугин басқарған ансабмлімен өнер көрсеттім"

Нұр-Сұлтанда Жоғары Евразия экономикалық кеңесінің мерейтойлық мәжілісінің қадірменді қонақтарына арналған концерт өткен болатын деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы өзінің фейсбук парақшасында жазды. Министр концертте өзі де өнер көрсетіп, көпшілікті жаңа бір қырымен таң қалдырды. 

Арыстанбек Мұхамедиұлы

"Достарым, кеше Нұр-Сұлтанда өткен Жоғары Евразия экономикалық кеңесінің мерейтойлық мәжілісінің қадірменді қонақтарына арналған концертіміз табысты өтті. Бұл іс-шара Нұрсұлтан Назарбаевтың Евразиялық интеграция туралы идеясының 25 жылдығына және Евразия экономикалық кеңесі туралы келісімге қол қойылуының 5 жылдығына арналғаны белгілі.

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, Ресей Президенті Владимир Путин, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбеков, Армения премьер-министрі Никол Пашинян, ЕАЭК жанындағы бақылаушы мемлекет басшысы ретінде Молдова Президенті Игорь Додон, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон және ТМД Атқарушы комитеті төрағасы Сергей Лебедев. Мұндай құрметті қонақтардың алдында өнер көрсету - өте жауапты іс, достарым!

Арыстанбек Мұхамедиұлы

Сүйікті аспабым - виолончельді қолыма алып, РФ Халық әртісі Сергей Ролдугин басқарған виолончельшілер ансамблімен өнер көрсетіп, француз композиторы Шарль-Камиль Сен-Санстың атақты «Аққу» хореографиялық миниатюрасын орындадық. Бізді екі арфашы қыз сүйемелдеп, Аққу ролін «Астана Опера» МОБТ жетекші солисі, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Әйгерім Бекетаева орындады. Жұрт алдында ойнамағалы біраз болып еді, мені билеген қуаныш сезімін сөзбен жеткізу қиын.

Құрметті қонақтар алдында ССРО Халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әлібек Дінішев, Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты Майра Мұхамедқызы, Қазақстанның Еңбек сіңірген әртістері Мейір Байнеш, Медет Шотабаев, «Пласидо Доминго Опералиясы» халықаралық әншілер конкурсының лауреаты, «Астана Опера» МОБТ солисі Мария Мудряк, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Арман Жүдебаев (Қазақстан Республикасы), «Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблі және домбырашылар ансамблі, халықаралық конкурстар лауреаты Тайыр Тәжіғұлов, халықаралық конкурстар лауреаты Альфия Абдулманова ж.б. өнер көрсетті.

Керемет өнері үшін барлық әртістерге шын жүректен алғыс айтамын! Қадірменді қонақтарымыз осы концерттен ерекше әсер алып, естерінде қалады деген сенімдемін!" деп жазды министр. 

Ұсынған: Мақпал Сембай

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір