• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 04:45:30
Алматы
+35°

29 Мамыр, 2019 Аймақтар

Республикалық қоғамдық штаб мүшелері Тараз қаласында болды

Қуаныш Сұлтанов бастаған азаматтар Қ.Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық қоғамдық штабының мүшелері жұмыс сапарымен Тараз қаласына келіп, әуелі «Jastar» аллеясында өңір жастарымен кездесті. Кездесуді облыстық қоғамдық штаб басшысы Шәбден Тілеумұрат жүргізді.   Содан кейін Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келген штаб мүшелері «Қазфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің минералды тыңайтқыштар зауытында болып, жұмысшыларға кандидаттың сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Кандидаттың сайлауалды бағдарламасының басымдықтары туралы штаб төрағасы, Парламент Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанов бастаған азаматтар Қ.Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

  Өңірге жұмыс сапары барысында «Есіктен есікке» акциясы аясында республикалық қоғамдық штаб мүшелері Тараз қаласындағы «Астана» ықшамауданындағы сайлаушылардың үйлерінде де болды. Тұрғындарға ҚР Президентігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, «Birge» жалпыхалықтық акциясының бүктемелеріне ұсыныстары мен шағымдарын жазуға болатынын жеткізді. Ал, «Халыққа көмек» партиялық жобасы аясында республикалық қоғамдық штаб мүшелері «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалында қоғамдық қабылдау ұйымдастырды.

  Бұдан кейін республикалық қоғамдық штаб мүшелері «Баласағұн» орталық концерт залында өткен жиынға қатысты. Өз сөзінде халық қалаулысы Қуаныш Сұлтанов  Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасының өзектілігі әділдікте, сабақтастықта, өрлеуде екенін айтса, ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Нұрлан Оразалин Қасым-Жомарт Кемелұлының сыртқы және ішкі саясаттың мектебінен өткен азамат екенін атап өтті. Сонымен қатар, Қазақстанның халық артисі Алтынбек Қоразбаев, Қазақстанның Еңбек Ері, Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров, Парламент Сенатының экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы Асқар Бейсенбаев, тележүргізуші Дана Нұржігіт, еңбек ардагері Александр Савченко сөз сөйлеп, Қасым-Жомарт Кемелұлының Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекетті жаңғыртудағы саясатын ары қарай сапалы жалғастыратынын атап өтті. Жиын соңында танымал эстрада жұлдызы Алтынай Жорабаев ән шырқады.

Дулат Айтбай

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір