• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 02:06:01
Алматы
+35°

31 Мамыр, 2019 NEWS

Қазақ трагедиясы. Тоқаев: "21 мың теңге үшін ажыраспаңдар!"

Үкімет пен президент әкімшілігіне алаяқтыққа тосқауыл қою үшін цифрландыру жүйесін енгізуді жеделдету тапсырылды...

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, 2019 жылдың сәуір айынан бастап 340 мыңға жуық көпбалалы аналарға жәрдемақы тағайындалуы тиіс болған. Сол уақыттан бері, "береміз деп тұрған үкіметтен, аламыз" деген халық көп. Атаулы Әлеуметтік Көмек алу мәселесі туралы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Твиттер парақшасында екі ауыз сөз жазып қалдырды деп хабарлайды  Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Әр балаға 20789 теңге тағайындаған үкіметтен әлеуметтік көмек алу үшін қарапайым халық әртүрлі  құйтырқы әрекеттерге барып жатыр. АӘК мәселесі бойынша бір ғана Шымкент қаласы Еңбекші аудандық сотының өзіне ажырасу туралы күніне 10-15 арыз түсетіні мәлім болған. Әйелі жоқ әкеге, күйеуі жоқ анаға да бөлінетін қаражатты ешкім де жіберіп алғысы келмейді. Керек десеңіз, баласынан бас тартып жатқандар да кездеседі.

Отбасының жалпы айлық кіріс көлемі 20789 теңгеден асатын болса, АӘК қарастырылмайды. Мысалы, 25 000 теңге жалақы алатын болсаңыз, демек өмір сүріп, отбасын асырай алатын жандардың қатарынансыз. Отбасылық кірісті құжат бойынша азайту үшін, әйелі мен күйеуі ажырасып, зейнетақысы бар анасын немесе әкесін үй кітапшасынан шығарып тастап жатыр. Халық үкіметтің рақымынан айырылып қаламыз ба деп, "Теңге беремін" деп тексеріс келсе, тауығын да тығып қоюға дайын отыр.

Осы мәселе бойынша Президент Қасым-Жомарт Тоқаев:

"Атаулы Әлеуметтік Көмек алу мақсатында көпбалалы ата-аналардың ажырасуы жиілеп кетті. Үкімет пен президент әкімшілігіне алаяқтыққа тосқауыл қою үшін цифрландыру жүйесін енгізуді жеделдету тапсырылды. АӘК – бұл мұқтаж азаматтарға берілетін мемлекеттің жәрдемақысы", - деп жазды өз парақшасында.

Президенттің жазбасына Айгерім атты желі қолданушысы: "Көпбалалылар баласын асырауға ақша таппай ажырасып жатыр. Еліміздегі жемқорлар үлкен сомада ақша жейді. Ал көпбалалылардың ажырасуын алаяқтық деп ойлайсыз ба? Қателесесіз", - деп пікір қалдырған.

Демек, цифрландыру енгізілген күнге дейін, жәрдемақыға мұқтаж емес халық алаяқтық жолмен ақша алып отыра бермек. Бір-бірімен сол үшін ажырасып жатқан жастардың ойын бұзған да осы  – 21 мың теңге. «Қазаннан қақпақ кетсе, иттен ұят кетеді» - деп қазақ бекер айтпаған. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір